Мәселе

Nur әлде Kz? Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті желіде автокөлік нөмірлеріне қатысты тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады.


Желіде автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қатысты тарап жатқан ақпарат қазақстандықтарды шулатты. Онда қосымша ақша төлеп, KZ-тің орнына NUR символдары жазылған мемлекеттік нөмір белгісін сатып алуға болатыны жайлы жазылған.


"Бұл үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтініш беріп, 5700% АЕК (143 925 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу керек. Еске саламыз, бұл нөмірлердің әдеміліктен басқа артықшылығы жоқ", - делінген хабарламада.



Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.


"Интернетте тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген комитеттің фейсбуктегі парақшасында.


Еске сала кетсек, бұған дейін желіде қазақстандықтардың тегіне міндетті түрде "Нұр" сөзі қосылып жазылады деген ақпарат тараған болатын. Кейінірек ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұның жалған екенін хабарлады.


Sputnik


 




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31