Мәселе

Tik Toke үшін нанды аяғымен таптаған жігіт елдің ашуын туғызды (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

"Тик Ток" үшін нанды аяғымен мыжып, таптаған жігіт жұрттың ашуына тиді. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

 

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі "qazaqstanda" парақшасында жарияланған видео қызу талқыға түсіп, елдің ызасын келтірді. Көпшілік бейнекөрініс аталған парақшада жарияланғандықтан Қазақстанда түсірілген топ топшылап отыр. Тик-ток үшін қазақстандықтардың да осындай бассыздыққа барып отырғаны көпшілікті түңілдіріп тастады.

 

"Масқара. Тоқшылық аздырар адам баласын… Кешегі атамыз осы нанға зар болып аштан қырылды емес па?

Мынау ұят енді. Алла сақтасын, нанды аяқпен басу не сұмдық. Алла кешірсін",- деп жазылған жазбаның астында қалдырған  елдің пікірін оқып бітіру мүмкін емес.

 

"Малғұн","Нанның киесі ұратынын білмей ма сонда?","Мынаны ұстап алып қамап қою керек қой","Мәссаған, оңбаған аяғың сынса ғой","біреулер осы нанға зар ғой","тик ток үшін бәрін жасайтындар","Құдайдан безгендер"- деген сынды пікірлер қалдырды.

 

Еске салсақ, Тик ток жастар арасында кең танымал болған желі. Қазір әлемде оның аса зиян екені жиі айтыла бастады. Тіпті кейбір елдерде оған тиым салынған. 

 

 

 




Көрілген: 1339    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31