Мәселе

WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

  • WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

    WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

Елордалық полицейлер "Реальные доходы 1" және "Реальные доходы 2" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірін ұстады

Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен 45 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті WhatsApp мессенджерінде "Реальные доходы 1" және "Реальные доходы 2" деген екі чат ашқан. Сөйтіп адамдарды 20 мың және одан көп ақша салуға көндірген. Небәрі он бес күннің ішінде 100% табысқа кенелетініне сендірген. Осылайша алаяқ әйел астана мен басқа өңір тұрғындарының сеніміне кіріп, қомақты қаржыны заңсыз иемденген.

Күдікті қаржы пирамидасын өткен жылдың мамырынан бері басқарғаны белгілі болды.

"Қазіргі таңда полицияға арызбен 40-тан астам салымшы жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтың әрекетінен елдің әртүрлі өңірінде тұратын 300-ден аса адам зардап шеккені анықталды", - делінген хабарламада.

Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Полиция зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік 19) келуді немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрады.




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30