Мәселе

Абақтыдағы шілдехана…

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Раянаның туғанына небәрі 10 күн болды. 17-ші  ақпанда қалалық перзентханада дүние есігін ашқан.

 

Перзентханадан шығарда оларды гүл ұстаған не туысы, не жақыны күтіп алмады. Уақытша тергеу абақтысының қызметкерлері анасымен бірге алып кетті. Аты-жөні өзгертілген Алмагүл «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталып, қамауда отыр.

 

Алмагуль АЙТБАЕВА, тергеудегі азаматша:

 

«Қазіргі таңда мен тергеу абақтысындамын, не боларын ешкім білмейді. Бірінші қызым анамда, екіншісі қолымда. Соттан кейін барлығы белгілі болады».

 

 

Абақтыға келгенде  жас ана сәбиімен бірге жеке бөлмеге орналастырды. Оның  сөзінше, қажет тағам қоспасы мен жөргек бар:

«Барлығы жеткілікті, мекеме басшылығы қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қызыма 10 күн, ұйқысы тыныш, тек қарны ашқанда жылайды».

 

Абақты әкімшілігінің айтуынша, бұл бір ғана жағдай емес. Әйелдер жүкті кезінде іс қозғалып, абақтыға жабылып жатады. Тергеу амалы ұзаққа созылады. Ай-күні жеткен әйелдерді тергеу абақтысынан тікелей перзентханаға жеткізеді.

 

167/11 түзеу мекемесінде 750 азамат сот шешімін күтіп жатыр. Олардың 50-і қыз-келіншектер. Бірнеше ай бұрын тағы бір әйел кісі сәбиін дүниеге әкеліпті.

 

 

Ермек ЖАЛҒАСБАЕВ, 167/11 түзеу мекемесінің бастығы:

 

«Бізде  абақтыда жатқан екі әйел босанды. Аналар мен сәбилеріне  барлық жағдай  жасалған.  Тергеу кезінде босанған әйелдердің айыбы дәлелденсе, заң бойынша олар белгіленген мерзімді баласы 3 жасқа толғаннан кейін өтеуге құқы бар. Балаға қамқоршы рәсімдеуіне болады. Егер жоқ болса, сәбилерді  Алматыдағы  арнайы балалар үйіне алып кетеді. Аналары мерзімінен өтеп шыққанша сол жерде болады».

 

Абақтыдағы әйелдер мұны ойламауға тырысады. Өздерінің айыпсыз екеніне және де балаларын тордың арғы жағында емес, бостандықта тәрбиелейтіне сенеді.

 

 

 

kz.otyrar.kz

 




Көрілген: 1438    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 19:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30