Мәселе

Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы

  • Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы

    Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы

Степногорск қаласындағы мектептердің бірінде орнатылған ескерткішке қатысты дау көп жылдан бері толастар емес. Жұртты мазалап жүрген сұрақ - ескерткіш Абай Құнанбаевқа қойылған ба, әлде Ленинге ме?. Мектеп басшылығы осы атышулы ескерткішке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Тақиялы Ленин" бе?

№6 мектеп-гимназияның ауласында тұрған ескерткіштің мәселесі талай рет талқыға салынған болатын. Өткен жылы әлеуметтік желілерде видеоролик тарап кеткен еді. Оның авторы мектеп аумағындағы бюсттің Абайға емес, Ленинге тиесілі екенін айтады.


"Бұл жерде бұрын Лениннің ескерткіші тұрған. Енді, қараңыз, Лениннің басына тақия кигізіп, Абай Құнанбаев деп қоя салған. Не деген масқара мынау?! Ұят емес пе?", - дейді видеоның авторы.

 Атышулы ескерткіштің тарихы

Мектеп директоры Анар Айтжанованың айтуынша, мектептің құрылысы сонау 1977 жылы аяқталған болатын. Ал төрт жылдан кейін оған дана ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілді.


"1985 жылы күзде Алматы қаласының атқару комитеті Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасап, біздің мектебімізге сыйға тартқан болатын. Одан кейін жергілікті зауыт бюсттың астына тұғыр жасап берді. Сөйтіп, 1985 жылы 1 қыркүйекте оның ресми ашылу салтанатты өтті", - деді Айтжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.


Оның сөзіне қарағанда, өзі мектепте жұмыс істеген 25 жыл ішінде ескерткішке қатысты мәселе екі рет көтерілген. Тіпті, былтыр бір топ белсенді әлеуметтік желіде сауалнама ұйымдастырыпты.


"Біз әлемдегі Абайдың ескерткіштерін зерделей бастадық. Мәселен, Венгрияда тура осындай ескерткіш бар. Бұл – автордың көзқарасы. Ол Абайды солай бейнелеген. Өкінішке қарай, бізде сол авторға қатысты құжаттар сақталмаған", - деп атап көрсетті Айтжанова.


Сараптама жасалды

Қалалық мәслихаттың депутаты Олжас Жағыпаров та Абай мен Лениннің ұқсастығын көріп тұрған жоқ. Оның сөзіне қарағанда, былтыр осы ескерткішке сараптама жасалды.


"Өткен жылы қалалық әкімдік бір сәулетшінің қызметіне жүгінген. Оның сараптамасы бойынша бюст тұтастай құйылған. Оның басына тақияны кигізген жоқ", - дейді Жағыпаров.


Ал әкімдіктің ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, №6 мектеп-гимназиясы 1977 жылы 31 тамызда ашылған. ҚазССР халықтық білім беру министрлігінің шешіміне сәйкес, мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Екі жылдан кейін ақынның бюсты құйылды. Ал 1979 жылы Степногорск қаласына жеткізіліп, мектептің бас кіреберісі алдында орнатылған. Бас кезінде бюсттың тұғыры төмен болып, ескерткіштің көркін бұзып тұрады. Артынан оны жергілікті зауыт ауыстырып берген.




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.09.2019, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31