Мәселе

"Адам үшін қауіпті": Белгілі заңгер дезинфекцияны тоқтатуды талап етті

  • "Адам үшін қауіпті": Белгілі заңгер дезинфекцияны тоқтатуды талап етті

Алматылық адвокат Жангелді Сүлейменов қаладағы дезинфекция жұмыстарына жауаптыларды сотқа бермек. Өйткені вирусқа қарсы шашылған дәрі-дәрмектен ондаған мың қазақстандық зардап шегуде. Заң маманының сөзінше, дезинфекция халыққа жасалған қастандық. Бұған қала тұрғындары мен шенеуніктер не дейді? Шынымен дезинфекция қауіпті ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп хабарлайды.
Белгілі адвокат Жангелді Сүлейменов Алматыдағы дезинфекцияға жауапты тұрғын үй саясаты басқармасына жұмыстарды тоқтатуды талап етті. Оның айтуынша, тұрғын үйлерді залалсыздандыратын “глюзамин” сұйықтығы мен тез еритін “акма-хлор” дәрісі адамдарға аса қауіпті. Күніне сегіз мың подъезд және мың үш жүз аулаға себілетін препараттарды қолдану барып тұрған қастандық, дейді құқық қорғаушы.

"Сұйықтықты жасау ережесінде мұқият болу керек екені белгілі. Қолғап, бетперде киюді де міндеттейді. Демек, бұл адам үшін қауіпті. Ал бізде бұл заттармен подъезд, аула мен балалар ойнайтын жерлерде дезинфекция жасап жүр. Әсіресе, аллергиясы бар, тыныс алуы қиын адамдарға қастандық жасалды деп ойлаймын", - дейді Жангелді Сүлейменов.

Инфекция ошақтарында қолданылатын сұйықтық пен таблетканы қауіпті екеніне дабыл қаққан адвокаттан бөлек, оқырмандары да сенеді.

Пандемия басталған тұста, яғни наурыз айында Алматыда көгершіндер өлекселері табылған еді. Жергілікті жұрт қаннаттылардың қырылуы дезинфекциядан десе, биліктегілер "мұзды еріткенде химиялық қоспаны қостық, сонан су болып еріген мұзды ішкен құстар уланып қалды" деп ақталған болатын. Эпедимиологиялық хал-ахуалға жауаптылар да індет келгелі қолданатын сұйықтықтар қауіпсіз екенін айтады.

"Бұл екі "глюзамин", "акма-хлор" да Қазақстанда өндірілген. Санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Мемлекеттік реестрде тіркелген және өндіруге, сатуға рұқсат етілген препараттар. Бұлар адамдарға зияны жоқ. Қауіпсіз. Сонымен қатар, жануарларға, құстарға зиян тимейді", - дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова.

Ашық ақпарат көздерінде екі препараттың да Қазақстанда жасалатыны көрсетілген. "Глюзомин" сұйықтығы туралы ақпарат аз болса, "акма-хлор" дәрісінің құрамында 80 пайыз хлор мен қышқылды натрий тұзы бар екені көрсетілген.

Аллерголог-иммунолог Арман Байділов мамандар қанша жерден бұл химиялық заттар қауіпсіз десе де, сақтық шаралары ескерілмесе, бірінші кезекте адамның тыныс алу жолдарының шырышты қабаты зардап шегуі мүмкін, дейді.

"Біздің күнделікті тұрмысызда да қолданып жүрген кәдімгі хлорка, ағартқыш, ол да өте зиянды. Тыныс жолдарымыздың химиялық күйігін туғызуы мүмкін. Сондықтан қолдану тәсілін инструкция бойынша орындау керек", - дейді аллерголог-иммунолог Арман Байділов.

Алматыдағы тұрғын үй саясаты басқармасының сәуірдегі мәліметінше, дезинфекциялау жұмыстарына 293 миллион теңге бөлініпті. Ондағы шенеуніктерге бір подъезде вирус көзін жою үшін 600 теңгеден 9 мың теңгеге дейін кетеді екен. 




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30