Мәселе

Адамдардың басын кесіп, көшеде қалдырған: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

  • Адамдардың басын кесіп, көшеде қалдырған: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

    Адамдардың басын кесіп, көшеде қалдырған: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

Сириядан оралған қазақтандық екі азамат 4 адамның басын кесіп өлтіруге қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Мемлекеттік айыптаушы аталған іске қатысты жантүршігерлік мәліметтерді хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.


«Сирияның қалаларындағы қарулы қақтығыстардан кейін, Ислам мемлекетінің мүшелері жеңіліс тапқан уақытта жақтастары 4 адамды кәпір деп танып, басын кесіп тастаған. Олар өлтірілген адамдардың басын 7 күнге көшеде қалдырып, осылайша, жергілікті тұрғындарды үрейлендірмек болыпты. Лаңкестік топтың мүшесі Жансеңгіров сол бастармен бірге суретке түскен. Ол адам бастарының бірін аяғымен басып, қолына қару ұстаған. Бұл сурет ғаламторда тарап кетті», - дейді айыптау актін оқыған мемлекеттік айыптаушы Мұрат Еділ.


Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, жүргізілген сараптама ғалматорда жарияланған суреттегі адамның сотталушылардың бірі Жансеңгіров екенін растапты.


Бабай лақап есімді Бақытжанов Ғазинұр мен Абдулхафиз лақап есімімен жүрген Аманжол Жансеңгіров қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр.


«ДАИШ мүшелері Жансеңгіров пен Бақытжанов «жергілікті үкімет әскерін жеңуіне» байланысты ұялы телефонның камерасына видео түсірген», - дейді мемлекеттік айыптаушы.


Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот тыңдалымы басталды. Айыптау нұсқасы бойынша, олар Ислам мемлекетінің бұрынғы жауынгерлері болып табылады. Сотталушылар лаңкестік жасауға қатысты, лаңкестікке тартып, насихаттады, сонымен қатар басқа да ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелуде. Олар «Жусан» арнайы операциясының аясында Қазақстанға қайтарылған еді. 




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.10.2019, 15:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30