Адамды алдап, ақша табудың тәсілдері көбейіп тұр

Адамды алдап, ақша табудың тәсілдері көбейіп тұр

Неге екенін қайдам, соңғы кезде ауадан ақша жасағысы келетіндер көбейіп кетті. Оңай жолмен нан табуды көздегендер алаяқтықтың түрлі тәсілдерін қолдануда. Ондайларға жем болып, аһ ұрып қалғандар да аз емес. Бірақ көпшілігі соңына дейін бармай, жылы жауып қоя салғанды дұрыс көреді. Мұндай жөнсіз әрекеттердің азаймай отыр­ғаны да содан болар. 

Үй сатарда абай болу керек екен 

Шымкент қаласынан жарты сағаттық жердегі шағын елді мекенде әкеміздің үйі бар. Қара шаңырақта қалған ағам қалаға қарай жақындасақ деген мақсатпен сол үйді сатуға қойған болатын. Жарнама сайтына үйдің іші-сыртының фотоларын салып, телефон нөмірін де көрсетеді. Біраз күннен соң ағама бейтаныс адам қоңырау шалады. Хабарландыру бойынша хабарласып тұрғандығын айтып, үйдің бағасын анықтайды. Біраз сөзге тартқан соң өзінің Орал қаласында тұратынын, үйдің көңілінен шыққанын, әке-шеше­сіне сатып әпергісі келетінін, басқа жақтан қарастыруға уақытының жоқтығын түсіндіреді. Бірақ жұмыстан шыға алмайтын болғандықтан өзінің сонау Оралдан үйді көруге бөлек, сатып алуға бөлек келе алмайтынын да нықтап қояды. 

Содан кейін ол: «Үй тура су­рет­тегідей ме?» – деп сұрайды. «Иә» деген жауаптан соң: «Суреттегідей болса, болды. Маған ұнады. Сен мен бар­ғ­анша үйді ешкімге сатып қойма, ол үшін алдын-ала кепілпұл беріп қоя­йын. Мен ата-анамды алып барамын да, ақшасын санап беріп, бірден сатып аламын», – дейді. Сонымен қоймай, ақша салып жіберуі үшін тез арада банк картасының нөмірін жіберуді сұрайды және ол тек қана «Сбербанктен» болуы керектігін айтады. «Өзіңде жоқ болса, таныс-тамырдың картасы да жарайды», – деп қояды. «Өзімде ондай карта жоқ, бірақ осы банктен есеп-шот аштырсам қалай болады?» – деп сұрайды ағам. «Ол да болады, бірақ оны аштыру үшін бір апта уақытың кетеді. Тездеткенің дұрыс қой», – дейді әлгі адам. 

Содан ағам қалаға келіп, «Сбер­банк­ке» барып, есеп-шот та аштырады. Бірақ әлгі адамның саудаласпай сусылдағаны, үйді суретін көріп қана сатып алуға бел буғаны, «ақша саламын» деп өбектеуі, елімізде «Сбербанк­тен» басқа қаншама банк тұрғанда бір ғана банктің атын атауы – барлығы да ағамның көңіліне күдік ұялатады. Ақы­рында ғаламторды ақтарып, біраз мә­лімет іздеп көреді, ол адамның алаяқтық әрекетке барғалы отырғанын іші сезіп қояды. Сондағы олардың мақсаты – картаға немесе есеп-шот нөміріне түскен ақшаны бізге беймәлім, бірақ өздеріне белгілі жолмен жымқырып отыру екен. Абырой болғанда, ағам оны дер кезінде түсініпті. 

Арзан баға көрсетіп, қымбат сұрайды 

Осы секілді алдау «операциясының» тағы бір түрі жуырда орын алған. Бір танысым буындары сырқырып, аяғын әзер басып қалған соң жылдам әрі жақсы әсер беретін дәрі-дәрмек іздеп, ғаламторды ақтарады. «Іздегенге – сұраған» дегендей, ғаламтордан жарнамасы жарқылдаған жақпа майды көзі шалады. Әдейілеп, сайтына кіріп қараса, мақтауын жеткізген бұл дәрінің бағасы да қолжетімді көрінеді. Оны небәрі 4 мың теңге деп көрсетеді. Ары қарап, бері қарап, көңілінен шыққан соң сол сайт арқылы тапсырыс береді. 

Уақыты келгенде поштаға барып, тапсырыс берген затын алайын десе, 20 мың теңге төлеу керектігін айтып, тауарды бермей қояды. Сөйтсе, әлгінің бағасы 4 мың емес, 20 мың теңге тұрады екен. Аң-таң болған ол қалтасында ондай қаражаты болмаған соң кері қайтады. Содан әлгі затты сатушылар қоңырау шалып, поштаға келіп тұрған жақпа майды неге алмай жатқандығын сұрайды. Танысымның: «Мен тапсырыс берген заттың бағасы 4 мың теңге еді ғой», – дегеніне арғы жақтағылар «Жоқ, оның бағасы 20 мың теңге тұрады. 4 мың деген баға болған емес», – деп бой бермейді. Танысым да, әлгілер де өздерінікін дәлелдеп әлек болады. Екі жақ екі түрлі баға туралы айтып, келісе алмай, ақыры керісіп тынады. 

Содан не керек, танысым ашуға ерік беріп: «Алдап сатқан дүниең маған керек емес. Жатқан жерінде жата берсін, мен алмаймын!» – дегенді айтады. Кеткен затының қайтып келгені қай сатушыға ұнасын, олар да күн са­йын қоңырау шалумен болады. Аналар «алыңыз» деп шыр-пыр болса, танысым: «Алмаймын. Неге өтірік баға көрсетесіңдер?» – дегеннен танбайды. Аяғында: «Бас тартқаныңыз үшін сот­қа береміз», – десе де көндіре алмаған соң: «2 мың теңге төлеңіз, содан соң затымызды кері қайтарып аламыз», – дегенге көшеді. «Ерегіскенде 2 мың түгілі, екі тиын да жоқ!» – деген танысым мүлдем телефонын көтермей қо­йыпты. Сөйтіп бір жақпа майдың ар­қасында басы дауға қалған ол: «Енді интернет арқылы ештеңе сатып алмаспын!» – деп күйінгені бар еді. 

...Кім біледі, бәлкім сайтта қателік кеткен болар. Әлде оның өзі бірнәрсені шатастырып алды ма екен деген ой да жоқ емес. Дегенмен мұның да арғы жағында бір гәп жатқан сияқты. Сайттағылар алдымен жұртты арзан бағамен еліктіріп, ақыр соңында тауарын пәлен сомға қоярда-қоймай алдыру арқылы өткізіп жүргендер-ау деп топшыладым. Не дегенмен, 20 мыңның қасында 4 мың теңге дегеніңіз су тегін емес пе? 

Осы секілді мың сан оқиғаны кел­тіруге болады. Біз біле бермейтін айла-шарғының көптігі кейде таңқалдырмай қоймайды. Соған қарағанда ар-ұяттан гөрі ақшаның құны қымбатырақ болып тұр-ау. Бұған тосқауыл болатын шаралар қашан қолға алынады? 

А. ШУАҚ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста