Мәселе

Адамзат жердің 43 млн шаршы шақырымының жаратылыс мақсатын өзгертіп жіберген

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Адамзат соңғы 60 жыл ішінде қарқынды жүрген урбанизация мен ауыл шаруашылығы арқылы жердің 43 млн шаршы шақырымының әуел бастағы тұмса табиғатын бұзып қана қоймай, сонымен қатар, жаратылу мақсатын да өзгертіп жіберген. Яғни, жер бетінің, дәлірегі, құрлықтың  32%-ын өзгерткен.

 

Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген неміс және голланд ғалымдарына жөн сілтеген Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Адамзат 1960 жылдан бері жыл сайын құрлықтың Германия территориясынан екі есе асып түсетін аумағын жерді пайдалану тәртібі мен тәсілін өзгерткен екен.

 

Осы уақыт аралығында планета 0,8 млн шаршы шақырым орманнан айырылған.

 

Бұл аралықта жыртылатын жер мен жайылым көлемі 1 әне 0,9 млн шаршы шақырымға ұлғайған.

 

АҚШ және ЕО елдері орман-тоғай өсіріп, жер жыртудан біртіндеп бас тартып жатыр. Керісінше оңтүстік аймақтар (дамушы елдер) орман-тоғайды аяусыз отап, оның орнына ауыл шаруашылық мақсатта игеруде.

 

Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткендердің бірі Карина Винклердің айтуынша,  бұл жайт өз кезегінде биологиялық әралуандылыққа қауіп төндіріп, климат дағдадарысын тереңдетуде.

 

 

 




Көрілген: 846    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 10:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30