Мәселе

"Адай" күйіне жалаңаш қыздарды билеткен мейрамхана басшысы көпшіліктен кешірім сұрады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде жартылай жалаңаш қыздар "Адай" күйіне сахнада би билеген. Бұған куә болған жергілікті жігіттер мұны видеоға түсіріп, желіге таратқан, деп хабарлайды .


"30-нан 31-ші тамызға қараған түні Атырау қаласында жаңадан "BLACKBERRY" (@bberrykz) түнгі жын-ойнақ клубы реконструкциядан кейiн ашылуында "Адай "күйіне жартылай жалаңаш қыздар стриптиз билеп, Қазақтың күйін ез қылып жатыр!


Атыраудағы бауырлар, неге мән-жайсыз бұндай дүниелерге жол беруде?


Клуб әкімшілігі, ұйымдастырушылар, диджей және қыздардан ресми кешірім сұрауын талап етеміз!!!


Құрметті облыс басшылары. Ватсап желісінде осы ақпарат тарап жатыр. Анықтап шарасын алу керек деп ойлаймын. Қаншалықты рас екенін тексеру керек. Егер жағдай анықталып рас болса, мейрамxана әкімшілігі ел алдында кешірім сұрауы керек!" деп жазды бұл видеоны Ғacebook-ке жариялаған Шынарбек Қабиев.


Видео:  www.facebook.com/100003397944102/videos/vb.100003397944102/2191581550965088/


Осы жазбадан соң Атырау облысы әкімдігі мен клуб басшылығы ресми мәлімдеме жасап, көпшіліктен кешірім сұрады.


"Техникалық ақау болды. Қыздар сахнада билеуі тиіс еді. Содан музыканттар сасқалақтап "Адайды" ойнады. Әрине, бұл дұрыс емес. Ол үшін халықтан кешірім сұраймын. Диджейді жұмыстан шығардық. Енді мұндай қателікке жол бермеймін деп уәде беремін", - деді мейрамхана басшысы facebook-те жарияланған видеода.




 




Көрілген: 1000    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 21:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30