Мәселе

Әділет министрі алдағы рақымшылыққа қатысты пікір білдірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын амнистия Қазақстандағы криминогендік жағдайды ушықтырмай ма? Бұл мәселеге қатысты Әділет министрі Марат Бекетаев түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бұл тұрғыда рақымшылық жасау туралы құжаттың нақты баптарына байланысты. Өткен жылдардағы тәжірибеге тоқталсақ, қаскөй қылмыскерлер рақымшылық іс-шараларымен қамтылмады және бізде сыбайлас жемқорлар үшін жаза бойынша ерекше нормалар бар. Сондықтан осы салаларда амнистияға байланысты қандай да бір жағдайдың ушығуы болады деп топшылау дұрыс емес. Себебі бұл заң жобасын дайындауға қатысатын заң шығарушылар мен құқық қорғау органдары барлық жағдай мен факторларды назарға алады», - деді М. Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

 

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында ҚР Ішкі істер министрлігі «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды.

 

Былтырғы 29 қазанда Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

 

Жақында Ішкі істер министрлігі рақымшылыққа ілінбейтін сотталғандардың санатын атады.

 

 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 19:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31