Мәселе

Адвокат сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда азаматтар өтемақы ала алады

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Бұл туралы бүгін ҚР әділет министрі Марат Бекетаев xалық алдында есеп беру кездесуінде айтты.


"Алдағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, адвокат пен заң консультантының кәсіби жауаптылығын міндетті сақтандыру институты енгізіледі. Бұдан былай сапасыз көмек көрсетілген жағдайда азаматтар сақтандыру өтемақысын ала алады", - дейді Марат Бекетаев.


Оның айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға адвокат немесе заң консультантынан тегін кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетіледі екен.


"Бұл көмек өтініш жасаған уақыттан бастап іс бойынша шешім қабылданғанға дейін көрсетіледі. Азаматтардың мемлекет кепілдік берген көмегін алу мүмкіндігі сақталған. Ол алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша заңда көзделген азаматтарға көрсетіледі", - дейді ведомство басшысы.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР әділет министрі Марат Бекетаев енді борышкерлердің банк шотынан ақшасын алып қоюға шектеу қойылатынын айтты.


BAQ.KZ 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 12:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31