Мәселе

Адвокат Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің егжей-тегжейін айтты

  • Адвокат Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің егжей-тегжейін айтты

    Адвокат Томирис Байсафаның өліміне қатысты істің егжей-тегжейін айтты

ТМД елдерінің танымал заңгері Евгений Яворский "Отырар" телеарнасына Мәскеудегі Қазақстан азаматшасы, ХҚММИ студенті Томирис Байсафаның өлімі туралы атышулы істің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, 8 маусымда Мәскеудегі сот Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидовты қазақстандық қызды өлтірді деген айыптан ақтады. Бір күн бұрын алқабилер де кінәлі емес деп үкім шығарды.

 
Яворский - қайтыс болған Томиристің анасы Жанна Ахметованың адвокаты. Адвокаттың сөзіне қарағанда, қазір әйел алқабилер шешіміне қатты таңғалды. Бұл істі жүргізген тергеу өкілдері де есеңгіреп қалды.

"Сотталушының сотта берген айғақтары оның бұрын бергендерімен сәйкес келмейді. Сотталушы айғақтарын үш рет өзгертті", - деді Яворский.

Адвокаттың айтуы бойынша, қыз өзінің күнделігін жүргізіп, онда ХҚММИ-ны бітіргісі келетінін, Меджидовты жіберіп, ұмытқысы келетінін жазған. "Оның ажырасу ойы болған жоқ. Ол өмір сүргісі келетінін, көңілді адам болғанын жазды", - деді Яворский.

"Оқу орнында Томирис Муртузали Меджидовпен кездесті. Олар бір-біріне ұнады. Осыдан кейін олар екі жылға жуық кездесті. Қазақстанға келгенде қоңырау шалып, үнемі қызғаныш танытты. Одан әрі ол өз өмірімен өмір сүрді. Уақыты келіп, ол басқа жігітпен кездеседі. Оның есімі Вадим. Онымен бірге кинотеатрға барған. Меджидов бұл туралы біледі, сабақтан кейін олар аудиторияда ұрысады", - деді адвокат.

Айыпталушы тарап марқұмның анасымен кездеспегені белгілі болды. Қыз қайтыс болған кезде оның денесі Нұр-Сұлтанға әкелінді.

"Мен үшін олардың тіпті кешірім сұрамағаны және қыздың анасымен кездеспегені өте таңғаларлық жағдай болды", - деді Яворский.




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 09:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30