Мәселе

"Африкада тұрып жатқандаймыз": Алматы облысында суы жоқ ауыл тұрғындары шағымдарын жеткізді

  • "Африкада тұрып жатқандаймыз": Алматы облысында суы жоқ ауыл тұрғындары шағымдарын жеткізді

Ауыл тұрғындары Алматыдан екі шақырым жердегі өмірін Африкамен салыстырады. Олар әлі де ұңғымаларды бұрғылап, суды бөшкелермен тасиды. Ауылда құбырлар жүргізілген, бірақ шенеуніктер оларды қосуға асықпайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ай-Абылай ауылында адамдар сапасы сенімсіз суды шуге мәжбүр. Алматыдан екі шақырым жердеге бұл ауыл орталық сумен жабдықталмаған. Дегенмен құбырдың жүргізілген. Тек қосылмаған. 

 
"Біз су ішеміз, ондағы судың не екенін білмейміз, ішуге болады ма, жоқ па, оны ешкім тексерген жоқ. Өзіміз бұрғыладық, осы судан ішеміз, 100 мың &ndash 150 тұрады. Кейде бөшкелерді 2-3 күнге лайықтап, жинап, сүйрейміз. Қаланың жанында тұрамыз және ешқандай ыңғайлылық жоқ", - деді  Алматы облысының тұрғыны  Раиса Төлеубекова.

Жергілікті тұрғындар үйлерінде су ағатын күнді асыға күтіп жүр. Негізі, құбыр қосуға дайын екен. Алайда, шенеуніктер түсініксіз себептермен уақытты созып жатқан көрінеді.  Өз бетінше жасауға да мүмкіндік бермейді. 

"Брлық инстанцияларға қоңырау шалды, бірақ неге қосылмағанын ешкім нақты айта алмайды. Біз өзіміз де дайынбыз, бірақ 50 мың теңге айыппұл салынады. Көп ұзамай суық келеді, бірақ бізге әлі де бір жерге бару, су алу, бөшкелерді үйге апару керек ... Неге Африкада тұрып жатқандаймыз? Міне құбыр үйімнен 5 метр қашықтықта, бірақ мен оны қолдана алмаймын", - деді Алматы облысының тұрғыны Талғат Жанболатов.

Бұл ретте қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жыл сайын миллиардтаған қаражат жұмсалады. Биыл бұл мақсатқа жүз миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бірақ бұл ақша әр үйді сумен жабдықтау үшін жеткіліксіз.

"Еліміздің жекелеген өңірлерінде артта қалушылық байқалады. Ауыз сумен қамтамасыз етудің ең төменгі деңгейі Қостанай облысында &ndash 61 %, Жамбыл облысында &ndash 72% және Павлодар облысында - 73% байқалады", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. 

Үкімет 2025 жылға дейін қазақстандықтарды 100% ауыз сумен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Бұған шамамен триллион теңге жұмсауға тура келеді. Ең бастысы, шенеуніктердің идеялары қағаз жүзінде қалмауы керек.




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30