Мәселе

Ағаштағы ақша: Атырау тұрғындары блогердің сыйлығы үшін алаңға ағылды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының алдында азаматтардың жиналуына себепкер болған блогер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

«23 сәуір күні сағат 18:00 шамасында 24 жастағы блогер Instagram желісінде желі қолданушыларына 50 мың теңгені облыстық әкімдік ғимаратының алдында тұрған шыршалардың біріне жасыратынын және оны бірінші болып тауып алған адам ақшаны өзіне алатынын айтып, жариялаған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

 

Нәтижесінде, облыстық әкімдік ғимаратының алдына қала тұрғындары жиналып, карантин тәртібін бұзған.

 

«Көп ұзамай 24 жастағы блогер анықталып, карантин тәртібін бұзғаны үшін одан түсініктеме алынды. Қазіргі уақытта оған қатысты іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолдау үшін жинақталуда», - делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, аталған азаматтың автокөлік ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлімімен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы) әкімшілік хаттама толтырылып, екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

 

Айта кетсек, Instagram желісінде Ахон Бержан деген атпен тіркелген блогердің ерекше сыйлық туралы жазбасынан кейін көлікпен, велосипедпен, жаяу алаңға ағылған жастар «қазына» іздеп, ағаш атаулыны тінтіп шыққан. Блогердің өзі бірнеше минуттан кейін әлдебір тұрғынның темекі қорабына салынған ақшаны тауып, алғыс айтқан видеосын жариялады. Алайда біршама уақыттан соң блогер карантин режимін бұзуға себепкер болған өз әрекеті үшін өкінетінін және Атырау халқынан кешірім сұрайтынын айтып, тағы бір видеосын жария етті.

 

 

 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 16:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30