Мәселе

Аида Балаева ақпараттың қолжетімділігі қалай артатынын түсіндірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында ерекше назар аударғаны тегін емес. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қабылданған сәттен бастап оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілмеген еді. Осыған байланысты, қажетті түзетулер пакеті әзірленді, оған Президент 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды», - деген министр тұжырымдамалық түзетулердің басымдықтарына тоқталды.

 

«Барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар немесе бөлімшелер айқындалды. Биыл алғаш рет Мемлекет басшысының алдына Үкімет ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізіледі. Ақпарат иелерінің тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар жатады. Мемлекеттік органдарға нормативтік-құқықтық акт жобалары мен бюджеттік бағдарлама жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы ақпараттық хабарламаларды интернет-ресурста орналастыру жөніндегі талап енгізілді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 

 

 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31