Мәселе

Аида Балаева: БАҚ-тың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырудағы еңбегі зор

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кері байланыс тетігі ретінде қалыптасуында БАҚ-тың рөлі ерекше екенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Перзидент бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қазір толығымен қоғамммен кері байланыстың тиімді тетігі ретінде толықтай қалыптасты. Ең бастысы, журналистика келешекте де әрдайым қоғам өмірінде жетекші рөл ойнайды», - деді министр URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында.

 

А.Балаева БАҚ саласын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздіктің өзегі ретінде атады.

 

«Ақпарат кеңістігінің қоғам дамуындағы алатын орны, қосатын үлесі де өте зор. Себебі медиа тек ресми ақпаратты тарататын құрал емес, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік идеологияның өзегі екенін үнемі айтып келеміз. Азаматтық қоғамның қарқынды дамуы журналистердің кәсіби және азаматтық белсенділігіне тығыз байланысты. Ендеше осындай ауқымды саланың жүгін арқалап, маңызды міндетті атқарып жүрген журналистер қауымына зор алғысымды білдіргім келеді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 

 

 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 19:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31