Мәселе

Аида Балаева халықты спортпен шұғылдануға шақырды

  • https://tengrinews.kz/

    https://tengrinews.kz/

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде жеткен жетістіктерінің ең жоғарғыларының бірі - спорт саласы деген пікірде. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміз жеткен жетістіктер аз емес. Соның бірі &ndash әрине спорт саласы. Атлеттеріміз қандай әлемдік додаларда да ел мерейін көтеріп, топ жарып жүр. Соның ішінде әсіресе қысқы спорт түрлерінен келетін жүлденің орны біз үшін бөлек - дейді министр.

 

Сонымен қатар Аида Балаева жақында ғана АҚШ-та топ жарған Жанбота Алдабергенованы жеңісімен құттықтады.

 

Осы ретте, қысқы спорттағы фристайлшы қызымыз &ndash Жанбота Алдабергенова жақында ғана АҚШ-та өткен шаңғы акробатикасы турнирінен 85.68 ұпаймен топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жанбота қызымызды жүлделі жеңісімен қуана құттықтаймын! - деді ол.

 

Оның сөзіне қарағанда, еліміз Егенмендік алғаннан мемлекет спорт саласына ерекше көңіл бөліп келеді.

 

Спортпен айналысудың жалпы халыққа қол жетімді болуы үшін бүгінде барлық жағдай жасалған. Заманауи спорт кешендері салынды, аула клубтары, футбол алаңдары ұйымдастырылып, көше спорты жанданды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей бұқаралық спортты дамыту &ndash мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және салауатты өмір салтын ұстанататын қоғам қалыптастырудағы басты шарт. Спорт &ndash денсаулық кепілі! Спорпен шұғылданыңыздар! - деді Аида Балаева.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 2234    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 01:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30