Мәселе

Аида Балаева жастар арасындағы өзекті 3 мәселені атады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жастар арасындағы өзекті 3 мәселені атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Келесі ауқымды бағыты – жастар және отбасы саясаты. Ресми статистика бойынша қазір елімізде 3 миллион 765 мың жастар өкілі бар. Бұл халықтың 20,4 пайызы. 500-ден астам жастар ұйымы қызмет етеді. Өкінішке орай, былтырғы пандемия шектеулеріне байланысты бірқатар жоба тоқтатылған болатын. Біразы онлайн форматқа ауыстырылды. Десе де, негізгі жоспарлы жұмыс сақталып 22 әлеуметтік жоба іске асты. Оның аясында 300 мыңнан астам адамды қамтыған, 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды», - деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

 

Министрдің атап өтуінше, бұл кезеңдегі жұмыста негізінен ақпараттық-кеңес беруге басымдық берілді. Жастарды қолдауға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар, жобалар мен бастамалар бойынша 11 миллион адамға кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Қазіргі таңда жастар және отбасы саясаты бағытында 12 грант жобасы орындалуда. Жыл аяғына дейін тағы 12 жоба іске қосылады.

 

Сонымен қатар, биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» түрлі саладағы талантты жастарды қолдауға арналған 30 грант жобасын ұсыну жоспарланып отыр.

 

«2020 жылы Жастар жылының жол картасы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы жұмысшы жастар 1 мыңнан жалдамалы пәтерге қол жеткізді. 2021 жылы тағы 3 мың пәтер беріледі. Былтырғы есептік кездесуде «Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары» әзірленіп жатқаны айтылған болатын. Сапалы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, мәдени-рухани қолдау сынды 10 негізгі бағыттан тұратын жоспар бүгінде толық қабылданып, нақты іске асып жатыр», - деді Аида Балаева.

 

Сонымен қатар ол жастар саясаты саладағы мәселелерге де тоқталды.

 

«Соңғы зерттеулер нәтижесі – жастар арасында үш негізгі мәселенің өзектілігін анықтады. Атап айтқанда: сапалы білім, жұмыспен қамту және тұрғын үй. Яғни, жүйелі түрде шешуді талап ететін сұрақтар. Ал бұл өз кезегінде стратегиялық құжаттар кешенін қабылдауды көздейді. Бірінші - «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы. Оның аясында «Жастар дамуының индексі», «NEET» жастар категориясы» сияқты жаңа ұғымдар заңмен бекітілетін болады. Екінші - «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мемлекет Басшысы жастар саясаты саласындағы барлық бағдарламаны тұтас бір ұлттық жобаға біріктіруді тапсырған болатын. Бүгінге дейін барлық өңірде қоғамдық тыңдаулар өтіп, 100 ден астам ұсыныс жобаға енгізілді», - деді министр.

 

Аида Балаева аталған құжат жастар саясаты саласында барлық мемлекеттік органдардың жұмысын бір жүйеге келтіріп, идеологиялық бағыттан – базалық қажеттілікке дейінгі мәселелерді қамтитынын баса айтты.

 

«Сондай-ақ, «NEET» жастар категориясымен жұмыс жөнінде Республикалық жобалық кеңсе жұмысын бастады. Оның аясында, осы категориядағы жастардың бірыңғай мәлімет базасын құру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, нақты ұсыныстар әзірлеу және адрестік жұмыс бөлімдерін ашу көзделіп отыр», - деді ол.

 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 18:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31