Мәселе

Аида Балаева «Қалаулым» бағдарламасы туралы пікір білдірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдындағы есептік кездесуінде «Қалаулым» бағдарламасы неге жабылмағаны туралы сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бұл енді айта айта жауыр болған мәселе ғой. Десе де, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса жауып тастайтын құзыреті жоқ. Заң бар. Сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты ұсыныстарымызды бердік», - деген ведомство басшысы мұндай бағдарламаларға қоғамның бір бөлігі наразылық білдіргенімен, тағы бір бөлігі қызығып көретінін ескертті.

 

«Бүгінде «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр екен. Ол дегеніміз – сұраныс бар. Халық көргеннен кейін БАҚ иесі ол бағдарламаны ешқашан жаппайды. Сондықтан біздің негізгі мақсат – министрлік пен БАҚ жұмылуымыз керек. Халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек. Сол мәселелер жолға қойылса, халық ақ пен қараны айыра білсе, сондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді», - деді министр.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 18:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31