Аида Балаеваның анасы қайтыс болды

18 мамыр 2021, 21:26

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы Раиса Жыланкөзова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Раиса Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды.

 

"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымы министр Аида Ғалымқызы Балаеваның анасы, білім беру саласына еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз Жыланкөзова Раиса Рахымжанқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

                                                                                                                          

Аlashainasy.kz редакциясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.