Мәселе

Ажырасқан ерлі-зайыптылар қайтадан отбасы құруға асықпайды - маман

  • Ажырасқан ерлі-зайыптылар қайтадан отбасы құруға асықпайды - маман

    Ажырасқан ерлі-зайыптылар қайтадан отбасы құруға асықпайды - маман

Қазақстан коммунистік халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен «Қазіргі қоғамдағы отбасы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» Қоғамдық бірлестігі өткізген шараның мақсаты - қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелерін талқылау. Жас отбасыларға неке мәселелерін шешуге көмектесу.

 

«Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Маханбетованың айтуынша, қазіргі қоғамдағы отбасы институты қолдау мен қорғауды қажет етеді. Себебі, бүгінде отбасы құндылықтары мен принциптері әлсіреген.

 

«Бүгінде жастар материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Олар қоғамның ұяшығын құрудан гөрі ақша табуға көбірек қызығушылық танытады. Отбасылық қатынастардағы проблемалар ажырасуға әкеледі. Алайда, әр адам ерте ме, кеш пе, отбасы керек екенін түсінеді. Отбасының негізі - заңды некеге бекітілген жұп», - деді Роза Маханбетова.

 

Бірлестік төрайымы бүгінде жастар араында белең алған азаматтық неке тақырыбын көтерді.

 

«Елімізде ажырасу статистикасы жыл сайын артып келеді. Бірнеше жыл бірге және бақытты өмір сүргеннен кейін де ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдайды. Салдарынан қаншама отбаының шаңырағы шайқалды. Балалардың психологиясы бұзылды. Ерлі-зайыптылар екі жаққа кеткеннен кейін өз бақытын тауып, қайтадан отбасы құруға асықпайды. Көбіне азаматтық некеде тұрады», - деді ол.

 

Авторы: Әсел Тұмашқызы

 




Көрілген: 954    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 00:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 22:51
    ЖАҚСЫ ЕНЕНІҢ 15 әдеті
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31