Мәселе

Әке-шешесі, ересек екі ұлы, келіні мен екі немересі Сирияға бара жатқан кездерінде ұсталған

  • © DW

    © DW

Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күнін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның бұл жағдайын отбасының таныстары баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Жанұяның танысы үйдің үлкен ұлы Сирияға кеткен соң қайта оралмағанын айтады.


"Отбасының қалған мүшелері де сол елге аттанғалы тұрған кезде ұсталды. Олар әке-шешесі, ересек екі ұлы, келіні мен екі немересі Сирияға бара жатқан кездерінде қамалды. Аталары сегіз жылға, екі ұлы бес-алты жылға сотталып кетті. Үшеуі үш жақтағы түрмеде отыр. Мүмкін осылай болғаны да дұрыс болар. Олар соғыс даласында өліп қалғанда не істер едік", - дейді ол.


Сирияға жиналғандар қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлерін сатып жіберген. Қазір әйелдері пәтер жағалап күн көріп жүр.


"Қазір сол жаққа кеткендердің жағдайын естіп отырмыз. Көбінің жолдастары жоқ, соғыс даласында қайтыс болған. Балалары көз жұмған. Мүгедек болып қайтып жатқандар бар. Бәрі де сол жақта жұмақ өмірдің ортасына барамыз деп алданып қалғандарын айтады.

Қазір олардың әйелдері мемлекеттен атаулы көмек алып отыр. Елді сатты деп оларды ешкім бөліп жатқан жоқ. Осыларды ойласам, бардың қадірін білмей жатқандаймыз. Жат ағым деп қаракөздеріміз енді адаспаса екен", - дейді ақтөбелік келіншек. 




Көрілген: 1308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.07.2019, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31