Мәселе

Әкелерінің ықпалы бар ма: Елімізде шенеуніктердің ұл-қыздары лауазымды қызмет атқарып жүр

  • Әкелерінің ықпалы бар ма: Елімізде шенеуніктердің ұл-қыздары лауазымды қызмет атқарып жүр

    Әкелерінің ықпалы бар ма: Елімізде шенеуніктердің ұл-қыздары лауазымды қызмет атқарып жүр

Елімізде лауазымды қызметте болған немесе атқарып жүргендердің ұл-қыздары да соңғы жылдары мемлекеттік қызметте төбе көрсетуде. Олардың көбі жастығына қарамастан маңызды жұмыстардың құлағын ұстаған.

Олар бұл биікке шынымен ақылы мен терең білімінің арқасында жетті ме, әлде бұған әкелерінің ықпалы бар ма? Жалпы неге шенеуніктердің балаларының мемлекеттік қызметті тасы өрге домалағыш? Қоғамда жиі талқылынып жатқан осы тақырыпты Евразия арнасы зерттеп көрді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Еліміздегі әкім-қаралардың балаларының түрлі лауазымды қызметтерге келе бастағаны жұрт арасында бұған дейін талай айтылып, енді ұмыт бола бастағандай еді. Бірақ соңғы оқиға осы әңгіменің өрбуіне қайта түрткі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаевтың жақында ғана елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне келгені белгілі болды. Бірнеше жыл бұрын Ferrari рөлінде түскен суретімен жұрт көзіне ілінген ол Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратын басқарыпты. Жаңа тағайындауға қатысты министрдің өзі былай пікір білдірді.


"Қазақстанның азаматы ретінде конституциялық құқығы бар. Ол енді жас емес, өз болашағын өзі таңдайды. Менің оған ешқандай қатысым жоқ. Менің оған тілейтінім, жақсы жұмыс істеп, сенімді ақтасын, әкесі сияқты үлкен қайраткер болсын. Ол үшін адал еңбек ету керек", - деді Сапарбаев.


Әке жолын қуғандарды еске түсірсек, теріскейдегі екі облысты ұзақ жылдар алма-кезек басқарған Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин бірден ойға оралады. Ол Алматының Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалды. Жалпы Сергей 26 жасында елордадағы Алматы ауданының әкімі болып, билікке араласқан екен. Алайда бірер айдан соң тестілеуден өте алмай, қызметінен кетуге мәжбүр болған еді. Бірақ соған қарамастан әкім болып жүрген ол өткен жылы шаңырақ көтеріп, қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіретіп тойын өткізді.


Ал жиырма жылдан астам уақыттан бері президент кеңсесінің меңгерушісі қызметін атқарған Махмұд Қасымбектің ұлы Жеңіс Қасымбек Инвестициялар және даму министрі креслосында нық отырды. Қазір енді премьер-Министрінің орынбасары. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы тура бір жыл басқарған Мәдина Әбілқасымова бұрынғы мәжілісмен Ерасыл Әбілқасымовның қызы. Жақында ғана басқа қызметке ауысқан оның көпбалалы аналарға берілетін азғантай жәрдемақыны тым көпсінген "бір ауыз сөзі" бүкіл елдің жадында қалды.


«Әр анаға ай сайын, өмір бойы 16 160 теңге төленіп отыр. Бұл жәрдемақы табысқа байланысты емес», - деген еді ол.


Ұзақ жылдар бойы мәжілісте отырған экс-депутат Кенжеғали Сағадиевтің ұлы Ерлан Сағадиев біраз уақыт Білім және ғылым министрі болды. Академик Уәлихан Бишімбаевтың ұлы Қуандық Бишімбаев та Ұлттық экономика министрі болып жүрген жерінен істі болды. Мұндай мысалдар тізе берсек, толып жатыр. Әрине, министірлер мен әкімдердің баласы лауазымды қызметер атқармасын деген заң жоқ. Бірақ, белгілі заңгер, қоғам белсендісі Руслан Түсіпбеков бізде мемлекеттік қызмет пен бизнестегі басшылық орындар әкеден мұраға қалатын құндылыққа, заңдылыққа айналып бара жатқандай дейді.


«Қарапайым адамдардың балалары бар әрине. Аса қабілетті. Өз еңбегімен жеткен. Бірақ, олардың саны шектеулі біз байқап отырмыз. Көбісі сол шенеуніктердің балалары. Бұрында ата-бабаларымыз айтушы еді ғой: «Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» дейтін. Сол заман әлі жалғасып келетін сияқты», - дейді Руслан Түсіпбеков.


Бір қарағанда шенді-шекпендінің баласында сапалы жерде оқуға, шет тілдерін үйренуге, қиялын ұштап әлемді аралауға мүмкіндік өте зор. Басқалармен салыстырғанда олар жақсы киінеді, жақсы жерде оқиды, жан-жақты білім алады. Осылайша жоқшылық көрмей өскендер, өзіне таңсық салаға басшы болып келе қалғанда, барлығы құрдымға кетуі мүмкін. Бұл мәдениет қайраткері, халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлының пікірі.


«Әке-шешесінің ықпалымен немесе таныс-білістерінің ықпалымен адамдардың қызметке орналасуы - бұл қоғамның дамуына, сол құзіретті мекеменің жұмысының алға жылжуына үлкен кедергі. Өйткені сол салаға ешқандай қатысы жоқ адамдар да жаңағыдай жолмен келіп қалады. Келеді де сол мекеменің жұмысын шын мәнінде құлатады. Ал оның зардабы халыққа тиеді, қоғамға тиеді. Оны сынап айтатын адамдар ертеңіне жұмыссыз қалады», - деді халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы.


Тектілік тұқым қуалайды деген ұғым бар. "Жаман әкеден жақсы бала тумайды" деп айтып жатады. Бірақ біздегі шенділердің балалары тек жылы-жұмсақ орындарда, онда да мемлекеттік қызметтерде отыратыны көпшілікті таңғалдырады. Расымен де, олардың ішінде қазақты әлемге танытатын жазушы немесе суретші, болмаса, мықты спортшы, Олимпиада чемпионы жоқ екен.  




Көрілген: 1554    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30