Мәселе

Әкім жылап тұрып кешірім сұрады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақмола облыстық Әдеп кеңесінде екі бірдей ауыл әкімінің тәртібі қаралды. Әкімдік қызметтегі екі әйел де ауыл тұрғындарына бейәдеп сөздер айтып, бастары пәлеге қалған.


Бұл - жылап тұрған Интернациональная ауылдық округінің әкімі Шәрбәт Рахманова. Ол телефон арқылы аузына келгенін айтып, тұрғынға сес көрсеткен. Мемлекеттік қызметкердің аузынан ақ ит кіріп көк ит шыққанын естіген жұрт сонда жағасын ұстаған еді. Әдеп кеңесіне де сол бейәдеп қылығы үшін шақырылып отыр.


Дегенмен, 28 жастағы Шәрбәт Рахманова барынша ақталып бақты. Телефон арқылы сөйлесіп, сөздерін таспаға басып алған Валерий Рабченюктің өзін кінәлады.


Бірақ, облыстық кеңес мұндай әдепсіздігі үшін ауыл әкімін кешірмеді. Есіл ауданы әкіміне Рахманованы қызметтен қуу туралы ұсыныс жасауды ұйғарды.


Ал Ақан Құрманов атындағы ауылдық округтің әкімі Алтынай Біләлова, тұрғындарға есеп беру кезінде «Аузыңды жап!» деп айғайлаған. Осы сөзге өкпелеп қалған 80 адам мемлекеттік қызметкерге шағым түсірген. Бұл әкім сөгіс алып құтылды.


Әлібек Баймағанбетов, Ақмола облыстық аумақтық әдеп кеңесінің мүшесі:


- Аудан әкімдеріне сауал жолдауымыз керек. Қалай бұл, әкімдерді тағайындайды. Тұрғындардың шырқын бұзып отыр ғой, елдің жағдайын көтере ме десек. Кім, қандай талаптармен қояды ауыл әкімін сонда? Мынау масқара ғой!


 ktk.kz




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 09:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31