Мәселе

Әкім тапсырмасы: Алматы полициясы Сейфуллин даңғылында арнайы рейд жүргізді

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Өткен түні Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Сейфуллин даңғылы бойында интимдік қызмет ұсынатын қыздарды анықтау үшін полицейлер арнайы рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл тапсырманы орындауға аудандық полиция инспекторлары мен мобильді полиция учаскелері тартылды.


Өткен түнде Сейфуллин даңғылы бойында 130 адам ұсталды, оның ішінде 53 әйел бар. Олар жезөкшелікпен айналысып, көрсеткен қызметтері үшін ақша алып келген. Пәтерді жалға беретін 13 адам және жеңіл жүрісті қыздарды діттеген жеріне жеткізіп отырған 5 жүргізуші бар.


«58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 23-і - жезөкшелікпен айналысатын қыз-келіншектер. Нақтырақ айтқанда, 14 адам - интимдік қызмет туралы ақпарат таратқаны үшін, 5-і - тәртіпсіздік, 11-і - қоғамдық орында спирттік ішімдіктер ішкен, 19-ы - қаланың абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, 9-ы ҚР көші-қон заңына қайшы әрекеттері үшін жазаланды», - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров.


Бұдан бөлек,жеңіл жүрісті қыздар баратын қонақ үй анықталды. Оның иесі жезөкшелікпен айналысатындарға жатын орындарды ұсынып отырған.


Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 315 мың 625 теңге.


Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда адам саудасы бойынша 13 қылмыс ашылған. Атап айтқанда, жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және қамтамасыз етудің 8 фактісі (ҚР ҚК 309-бабы), жезөкшелікпен айналысуға тартудың 3 фактісі (ҚР ҚК 308-бабы), кәмелетке толмаған адам саудасының 1 фактісі (ҚР ҚК 135-бабы) және адам саудасы бойынша 1 факті (ҚР ҚК 128).


 




Көрілген: 1906    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31