Әкімдер арасында кімдер орнын босатуы тиіс?

Әкімдер арасында кімдер орнын босатуы тиіс?

Шаруашылыққа қатысты түйткілді мәселердің шешілмеуінің соңы әлеуметтік наразылықтарға ұласты. Бұл орайда өңір әкімдері облыс пен аудандардың дамуына қаншалықты жол аша алды деген сұрақтың маңызы жоғары. Елдегі толқулардан соң отставкаға кеткен Үкімет күні кеше қайта жасақталғанда, көптің көкейінде әкімдер арасында өзгеріс бола ма деген сауал туған. Ulysmedia.kz тиісті деңгейде жұмысын атқара алмай отырған әкімдердің арасында ең алдымен кімдер орнын босатуы тиіс деген сауалды сарапшылардан сұрап көрді.

 

Сарапшылардың айтуынша, ауылдан облысқа дейінгі билік тізгіні тапсырылған лауазым өкілдерін халық сайлаған емес. Облыс тұрмақ аудан әкімдерінің нендей талаптар бойынша тағайындалатынынан бейхабар. Аймақ басшыларының жұмыс сапасы өңірдің экономикалық әлеуетінен көрінеді деген олар, бұл критерий бойынша облыс әкімдерінің дені атқарып отырған жұмыстары бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейтінін алға тартады.

 

ТИІСТІ МІНДЕТІН АТҚАРА АЛМАҒАН ӘКІМДЕР

 

Integrity Astana коммерциялық емес ұйымының жетекшісі Жанат Нұрғалиев өз міндетін атқара алмай отырған лауазымын босатуы тиіс үш әкімді атады. Олар ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

 

«Мәселен, Даниал Ахметов аймақты дамытуға ешқандай көңіл бөлген емес. Өңірдегі азаматтық қоғамды дамытуға мүмкіндік болмай жатыр. «Қашан Ахметов кетеді?» деп жұрт елеңдеп күтіп отыр. Жемқорлық күн сайын дендеп барады», – деген ол зейнет жасындағы басшылар орындарын босатуы тиіс екендігін, ерік-жігері бар жастарға барынша жол ашу керектігін алға тартты.

 

Оның айтуынша, зейнет жасындағы Бердібек Сапарбаев та аймаққа көңіл бөлмейтіндердің бірі. Жалпы, Жамбыл облысы ғана емес еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік сатып алу бойынша көптеген кемшіліктер бар. Тәуелсіз зерттеуші әлеуметтік саланы қаржыландыруда тепе-теңдіктің сақталмауына қатысты жемқорлық қаупі бар бірнеше кейстерді анықтаған.

 

«Мысалы, Нұр-сұлтан әкімдігі ат спорты кешенін жеке құрылыс салушыдан сатып алу үшін бюджеттен 6 миллиард 243 миллион теңге бөліп отыр. Биыл денсаулық сақтау саласындағы құрлыстарға мүлде қаржы қарастырылмаған, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сияқты пайда көруге болатын салаларға басымдық берілген. Ал ашықтығы көрініп тұратын білім, денсаулық сақтау саласы назардан шет қалған. Сондықтан жемқорлық қаупі байқалады. Көлгінов арнайы топтың қызығушылығы үшін ғана жұмыс істейді, қоғамдық пікірге құлақ асқан емес. Қоғамдық орындарда үлкен құрлыстардың жүріп жатқанына өзіміз куәміз. Жоғарыда айтқанымдай бұрыннан істеп келе жатқан жасы үлкен зейнеткерлерге демалыс керек», – деп түйіндеді ол.

 

ӘКІМДЕР ЖЕКЕ БИЗНЕСІН ДАМЫТУҒА БЕЙІЛДІ

 

Ал экономист Айдар Әлібаевтің рейтингі бойынша, өңір басшыларының арасында ешқайсысы облысты дамыта алмай отыр. Ол оның бірден бір себебі ретінде әкімдердің халық мүддесінен гөрі, жеке бизнес қызығушылығы үшін жұмыс істеуге бейілді екенін атады.

 

«Бір де бір әкім өзінің облысын дамыта алып отырған жоқ. Тұрғындар үшін экономикалық ахуалды жақсартуға мүдделі емес. Жалпы алғанда әкімдер өз қызығушылықтары үшін ғана жұмыс істеп келеді, өздерін жарнамалайды. Бизнесте отырған туған-туыстары үшін түсініксіз бағдарламаларды шығарады», – дейді сарапшы.

 

Экономистің ойынша, LRT құрылысын дамыту шығынды сала.

 

«LRT құрылысын дамытамын деп отырған Көлгіновті жақсы әкім деп айта аламыз ба? Құдай сақтасын, LRT құрлысын жалғастыру туралы шешім қабылдайтын болса, бұл шығын әкелетін залалды транспорт болады. Қызмет көрсетуі өте қымбат», – деді Айдар Әлібаев.

 

Сондай-ақ, оның айтуынша жаппай ереуілден соңғы Үкіметтегі ауыс-түйіс халыққа таңдау жасау құқығын беруді көздейтін маңызды бетбұрыс деп айтуға ерте. Ал кешегі жағдайдан соң биліктің қазіргі міндеті – елдегі жағдайды қалай да қалпына келтіру. Сондықтан олар кез-келген уәде беруге дайын.

 

Ал Алматыны белгісіз арандатушылар қиратып, өртке орап жатқан кезде қала басшысы ретінде бір ауыз үн қатпай жоғалып кетіп, артынан табылған Бақытжан Сағынтаев та рейтингі төмен әкімдердің қатарында. 

 

«Алматы әкімі болса алматылықтарды әбден тығырыққа тіреп болды. Бос орын көрінсе болды 9 қабатты үй салады. Өмір сүру мүмкін болмай барады. Әр облыс бойынша осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Бос жері көп Қостанай, Павлодар, солтүстік өңірлердің әкімдері де дәл осылай туған-туыстарының бизнесін дамытуға жұмыс істеп отыр. Сондықтан халық мүддесі үшін жұмыс істеп отыр деп бір әкімді де айта алмаймын. Қазіргі премьер-министрдің орнына келген Әлихан Смайловтың да Маминнен озып тұрған ештеңесі жоқ. Ал халыққа облыс әкімдерін өздері сайлау деген мүмкіндікті әзірге бермейді, бәлкім алда болатын шығар. Олар үшін мұның салдары өте жаман. Егер қандай да бір жақсы әкім келсе Президентке басқару қиынға түспей ме, оған мұның не керегі бар», – деді сарапшы.

 

Осыған дейін Ulysmedia.kz қол астындағы қызметкері жемқорлық бойынша ұсталғанда отставкаға кетпей отырған бірқатар саяси-лауазымды тұлғалар туралы арнайы материал дайындаған болатын. Онда заң тетіктері белгілі бір деңгейде шенеуніктердің құтылып кетуіне ықпал жасап отырғаны, сондай-ақ бұл қатарда Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев, үш бірдей орынбасары ұсталған Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов есімдері аталған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста