Мәселе

Әкімдік Алматыдағы билбордтарда неліктен филиппиндік қыздың тұрғанын түсіндірді

  • Әкімдік Алматыдағы билбордтарда неліктен филиппиндік қыздың тұрғанын түсіндірді

    Әкімдік Алматыдағы билбордтарда неліктен филиппиндік қыздың тұрғанын түсіндірді

Алматы әкімдігі авторлық құқықты бұзды деген күдікке ілінді. Медициналық маскаларды тағып жүруге шақыратын билбордтарда танымал фотокөрмедегі филиппиндік арудың тегін бейнесі қолданылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Freepik сайтында фотосурет көзіне сілтеме ұсынылған жағдайда ғана қыздың суреті бар баннер үлгісі қол жетімді болады. Үлгіні сілтеме жасамастан пайдалану үшін айына 9,99 евро төлеп, сатып алған кезде ғана рұқсат етіледі. Бұл қыздың бейнесі испандық, итальяндық, шығыс еуропалық сайттарда бар.

Оңтүстік астана әкімдігі әлеуметтік жарнаманы орналастыруға қалалық бюджеттен қаражат бөлінбегенін айтты.

"Баннерлер қалада ақысыз орналастырылады. Пандемия кезінде коммерциялық сыртқы (көрнекі) жарнамаға деген сұраныс күн сайын азаяды және құрылымдардың үштен екісі бос. Сондықтан, Алматы қаласын абаттандыру ережелерінің 161-1-тармағына сәйкес, коммерциялық жарнама болмаған кезде жарнама қондырғысының иесі өзіне тиесілі бос кеңістікті әлеуметтік жарнамамен толтырады, сондықтан жарнама кеңістігі салық төлеушілерге ешнәрсе әкелмейді.

Маскадағы қыздың суреті ашық көздерден алынған. Тиісінше, ол тегін. Сонымен қатар, маска кию бүкіл әлемдегі өзекті шақыртулардың бірі. Коронавирус үшін ешқандай шекара жоқ. Бұл жағдайда фотосуретті пайдалану заңды", - деп қала құрылысы департаментінің түсіндірмесінде айтылған.
 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 23:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30