Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әкімдік қызметкерлері баспана кезегіндегі азаматтардың мәліметін заңсыз түзеткен

28 желтоқсан 2022, 14:34

Бірқатар өңір әкімдіктерінің қызметкерлері баспана кезегінде тұрған азаматтардың мәліметтерін заңсыз түзеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Биыл азаматтар тарапынан түскен шағымдардың негізінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдік қызметкерлерінің кезекте тұрғандардың мәліметтерін заңсыз түзету фактісімен тексеру жүргізді. Оның нәтижесінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында заң бұзшылық фактілері анықталды. Осыған орай тиісті материалдар әкімдік қызметкерлерінің іс-әрекетін қарау және құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

 

Оның дерегінше, баспана кезегіне қоюдың қолданыстағы тетігі ашық емес. Осыған орай «Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Ол Мәжілістің қарауында жатыр.

 

«Заң жобасы аясында «Отбасы банкі» АҚ-ға баспананы есепке алу, қою және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын «ұлттық даму институты» мәртебесін беру көзделеді. Сонымен қатар «Отбасы банкі» АҚ базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылды. Онда баспанаға мұқтаж барлық азамат қамтылады», - деді Роман Скляр.