Мәселе

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитары өңірдегі карантиндік шектеу шараларына өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Тиісті қаулы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

 

Қаулыға сәйкес көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 9-ден 20-ге дейін, келушілердің саны 50 пайызға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат берілді.

 

"Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілді. Сонымен бірге, демалыс күндерін қоспағанда сағат 8-ден сағат 24-ге дейін, келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда сауна, СПА орталықтары да жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

 

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріліп отыр.

 

Бұл ретте, COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; штаттық кестеде 15 және одан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады.

 

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын сақтай отырып бес күн жұмыс істеп, сенбі және жексенбі күндері жабылады.

 

Алаңы 2000 шаршы метрден астам сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтарының жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін анықталып отыр.

 

Ал, балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салынды.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1315    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28