Мәселе

Ақмола облысында бүтін бір ауыл қар астында жатыр

  • Видеодан кадр:  © КТК

    Видеодан кадр: © КТК

Ақмола облысындағы Қоянды ауылында тұрғындардың үйі қардан көрінбей қалды. Ақ ұлпаның үйіліп қалғаны соншалықты, тұрғындар терезелерінен күннің көзін мүлдем көрмейді. Ауылдықтар күн жылынса, үйіміз су астында қала ма деп алаңдаулы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 

Қояндыда биыл қардың қалың түскені соншалықты, үй терезелеріне дейін үйіндінің астында қалған. Тұрғындардың аулаларына шығуы мұңға айналған. Ауылдықтар жолдарды өз күштерімен ашуға тырысуда, алайда жолды қардан аршу мүмкін болмай отыр.

 

Қоянды тұрғыны Жаңылдың айтуынша, олар қар мен бораннан кейін жолдарды ғана емес, үйлердің терезелерін де тазартады. Үйіндінің үлкендігі соншалықты, тұрғындар қараңғыда оянып, күн мен түндерін шатастырып алған.

 

Жаңыл егер бір жағдай бола қалса, үйге не көлік, не басқа техника кіре алмайтынына алаңдаулы. Күн жылынып, қар ери бастаса, үйіміз су астында қалады деген ой ауыл тұрғындарының басты уайымына айналған.

 

Олардың сөзінше, қармен өз бетінше күресуде. Ауылды қардан тазарту үшін жыл сайын бюджеттен миллиондар бөлінсе де, әкімдік тек басты көшелерді ғана тазалайды.

 

Ал әкімдіктегілер журналистер сұрағына қар тазалау үшін небәрі 6 млн теңге бөлінгенін айтып, жауап берді. Бұл қаржы тек 5 КамАЗға, экскаватор мен бірнеше жүк тиегішке ғана жеткен. Ауылды ақ ұлпадан толық тазарту үшін бұл өте аз, өйткені биыл әдеттегіден төрт есе көп қар түскен.

 

Округ басшысының айтуынша, әкімдік қарды шығарып үлгере алмайды. Басшы егер күн жылына қалса тұрғындардың үйін су баспайды деп кепілдік бермейді. "Оның себебі неде?" деп сұраған тілшілерге әкім "техника өте аз, дұрыс жұмыс істеу мүмкін емес" деп жауап берді. Қарды шығару үшін қосымша құм, самосвалдар мен сорғы станциялары қажет.

 

Ауылдық әкімдік облыстық және аудандық әкімдіктерден көмек күтуде.

 

Телеарнаның айтуынша, қазір ауыл төтенше жағдай аймағында тұр. Көктемде екі жүзге жуық үй су астында қалуы мүмкін.

 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30