Мәселе

Ақмола облысында жыл басынан бері 91 бала көз жұмды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақмола облысында биылғы жылдың он айында 91 бала көз жұмды. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында облыстық басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Елена Иванова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Е.Иванованың айтуынша, елдегі стратегиялық көрсеткіштердің бірі ана мен бала өлімін азайту.

 

Мәселен, Ақмола облысында босандыру бойынша жеті индикатордың төртеуі орындалған жоқ. Мысалы, төмен ана өлімі көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ. Нысаналы көрсеткіш 28,2 пайыз болса, өңірде көрсеткіш - 45,3 пайыз.

 

«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері- Көкшетаудағы «Viamedis» ЖШС-147,2 (яғни екі ана өлімі), Степногордегі «Viamedis» ЖШС (бір ана өлімі), «Авиценна-Бурабай» ЖШС, Целиноград және Жарқайың аудандарында (бір-бірден) тіркелді. «Viamedis» ЖШС басшылығы қандай да бір қатаң шаралар қабылдауы керек»,- деді Е.Иванова медицина қызметкерлеріне.

 

Келесі қол жеткізілмеген индикатор – экстрагениталдық аурулармен ауыр жүктіліктің жиілігі, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі, перинаталдық біріктірілген генетикалық скринингпен қамту пайызы.

 

Жол картасын орындау бойынша ең нашар көрсеткіш: 85,7 пайызы орындалмаған, яғни алты көрсеткіш – Бұланды аудандық ауруханасында. Степногор қаласы, Есіл, Жарқайың, Сандықтау және Целиноград аудандарындағы «Viamedis» ЖШС-нде бес көрсеткіш орындалмаған.

 

«Облыста 10 айда 52 қиын жағдай болды. Олардың себептері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тарапынан кемшіліктер, бастапқы буын деңгейінде медициналық көмекті әлсіз ұйымдастыру, стационар деңгейінде жағдайды жете бағаламау, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі болды. Сондай - ақ, өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершіліктің төмен болуы орын алып отыр», - деп атап өтті ол.

 

Е.Иванованың айтуынша, 10 айда балалар өлімінің көрсеткіші 8,3 пайызға жеткен, яғни 91 бала көз жұмған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3 пайызға немесе 16 балаға төмендеді.

 

Нәрестелер арасында өлім-жітім туа біткен даму кемістіктері үлесінде. Өңірде осындай 17 бала қайтыс болды, оның бесеуінде туа бітті көптеген даму кемістіктері болған. Тек алты кемістік перинаталды түрде анықталды.

 

«Үйде жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім саны да артып отыр. Биыл үйде 10 бала көз жұмды. Бұған ата-аналардың бала өмірінің қауіпсіздігіне мән бермеуі себеп болып отыр», - деп түйіндеді Е.Иванова.

 

 

 

 




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31