Мәселе

Ақмола облысында сүйікті итін арулап, зиратқа жерлеген тұрғынның басы дауға қалды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Ақмола облысының Ерейментау ауданының тұрғыны қалаға жақын маңда ешкімге ескертпестен Гретта атты итін арулап жерлеген. Мұны көрген аймақ тұрғындары ауылдастарының заңсыз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Ерейментау әкімдігі жерлестерінің заңсыз әрекеті туралы кеше естіген. Иттің басына барған әкім жерге рұқсат алған ешкім жоқ дейді.

 

“Ешкімнен ешқандай рұқсат қағаз алған жоқ. Зираттың басына қойды деген жалған ақпарат кетіп жатыр. Өзім жаңа шықтым жанына. Жолдың ар жағында зираттан алыста тұр. Учаскелік полициямен таптық жерлеген адамды. Айыппұл саламыз, сосын алып тастайды итті”, – дейді Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Сапар Барлыбаев.

 

Ерейментауда бір ғана ит жерленіп шу шығып жатқанда, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында өлген жануарларға арналған арнайы қорым бар екен. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қала сыртында ит пен мысығын жерлеуге ешкім рұқсат алмаған. Тіпті, жануарларды бұлай көму санитарлық талаптарға да сай келмейді.

 

 

 




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30