Мәселе

Ақмола облысында төрт балалы әйел 80 тонна астықтың астында қалып, мерт болды

  • Ақмола облысында төрт балалы әйел 80 тонна астықтың астында қалып, мерт болды

    Ақмола облысында төрт балалы әйел 80 тонна астықтың астында қалып, мерт болды

Ақмола облысында қамбада оқыс оқиға болып, төрт баласы бар көп балалы ана қайтыс болды. 46 жастағы келіншек бетон плита мен 80 тонна астықтың астында қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілте жасап.

 
 

 

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Оқиға астық кептіру кезінде орын алған. Жоғары қабатта бетон жабындысы опырылып, оператор болып жұмыс істейтін 46 жастағы келіншектің үстіне 80 тонна астық құлаған.

Оқиға орнына барлық құтқары қызметі жұмылдырылғанмен, көп балалы ананы аман алып шығу мүмкін болмапты. Марқұм оқиға орнында қаза жан тәсілім еткен. Келіншектің артында төрт баласы жетім қалған.

"Оқиға орнында астықты тазартуға арналған ауылшаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Содан кейін ғана құлаған бетон плитаны көтеруге мүмкіндік туды. Әйел адам сол жерде жан тапсырған.

Көп балалы ана аталмыш жерге тек биылғы жылдың тамыз айында ғана жұмысқа тұрған.

Қазір сот медициналық сараптама тағайындалып, еңбек қауіпсіздігінің сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

 

 

 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30