Мәселе

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі гранттық жобаларға 3,4 млрд теңге бөлді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде гранттық жобаларды жүзеге асыру бойынша шаралар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2019 жылы министрлікте үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында гранттық қаржыландыру аясында 125 жобаны іске асыруға 3,4 млрд теңге қарастырылған. Жобалардың бір бөлігі жүзеге асырылып жатыр. 54 жоба бойынша грант алушылар анықталды, келісімшарт жасауға құжаттар дайындалуда», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова грант алушылармен кездесу барысында.


Вице-министр қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.


«Әр қазақстандық сіздердің жобаларыңыздың әсерін сезінуі керек. Министрлік тапсырыс беруші ретінде барлық құжаттарға, техникалық сипаттамаларға, бағалау және жоспарлы жұмыс кестелеріне толық талдау жүргізетін болады. Жақында ғана ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлықты жоюдың және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды атап өтті. Осыған байланысты, сіз бен біздің міндетіміз - қоғамда кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттерге «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру. Біз максималды ашықтыққа ұмтыламыз. Осы жылдан бастап біз қоғамдық игілікке қаржылық және шығармашылық есептерді жариялауға міндетті талаптарды енгіздік. Әрбір тиын санаулы. Егер Сіз 15 қалам сатып алынды десеңіз, барлық сәйкес чектер ұсынылуы қажет», - деді ол.


Ведомство басшысының орынбасары жобалар аясында қаражаттың жұмсалуын ҮЕҰ өздері де, ел азаматтары да қадағалай алатынын айтты. Осылайша, грант алушылардың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайттарында жобаларды іске асыру бойынша барлық есептер жарияланатын болады.


Сонымен қатар, Ж.Омарбекованың айтуынша, грант алушылар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы өткізілетін іс-шаралар туралы халықты тұрақты түрде хабардар етуі тиіс.


Сондай-ақ Ж.Омарбекова Жастар жылы аясындағы іс-шараларға тоқталып өтті.


«Түрлі бағыттар бойынша 49 жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Бұл білім, жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігі, бос уақыт, отбасы институтын нығайту, дарынды жастарды қолдау және тағы басқалары. Осы мақсаттарға 2,8 млрд теңге бөлінді. Мысалы, соттар жанынан 8 өңірде (Жоғарғы сотпен бірлесіп) «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталықтарының қызметі ұйымдастырылады, бірыңғай call-орталық құру арқылы «Құқық қорғаушы» кешенді жобасы іске асырылады. Алғаш рет «Қазақстандық отбасылар - 2019» Ұлттық баяндамасы әзірленеді», - деді ол.


ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы оператор - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» Басқарма төрағасы Батима Мукина жиналысқа қатысушыларды гранттық жобаларды іске асыру тетіктері, бюджет қаражатын тиімді пайдалану шаралары туралы хабардар етті.



 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 23:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31