Мәселе

Ақпарат министрлігі ұсталған журналистерге қатысты түсініктеме берді

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган болып табылады және әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымдарды ұстанады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бүгінгі таңда ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген. Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады.

 

Кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылады. Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет.

 

Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді.

 

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауы болып табылады, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды.

 

Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды.

 

Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады.

 

Аталған мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында.

 

 

 

 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 18:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31