Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Ақша табудың жаңа әдісі": Атыраулық жігіттің әрекеті желі қолданушыларының жағасын ұстатты

02 ақпан 2021, 13:39

Атырауда әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты. Онда көше бойымен келе жатқан Toyota Camry автокөлігіне жаяу жүргінші жүгіріп кеп соғылады. Көпшілік азаматтың бұл қылығын қымбат көлік иесінен ақша өндіру үшін жасалған әрекет деп бағалап, сынап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда  полицейлер 38 жастағы Атырау облысының азаматы көлікті көрмей, жолды кесіп өтпек болғанын айтады. Ал сол маңдағы жеке кәсіпкерлердің бірінің бейнебақылау камерасына түскен оқиғаны бәзбіреулер жылдам қозғалтып, әдейі монтаждаған дүние, дейді полиция.
"Жылдам қозғалтып, видеоны тез жүргізіп,  солай түсіріп, солай лақтырып тұр. Және де әлеуметтік желіге "ақша табудың жаңа түрі"деп халықтаң арасында шу шығарайын деп па, сондай мақсатта салып тұр. Видеоны салған адамды біз анықтай алмадық. Бізге ол жердегі жеке кәсіп иелері  видеоларын көрсетпеді. Біз тек әлеуметтік желі арқылы сол баланы анықтап,  сол арқылы өзіне қатысты хаттама толтырып,  өзі кінәсін толық мойындап тұр", - деді Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны ккомандирінің орынбасары Нұрбақыт Басаров.

Полицейлер жаяу жүргіншілер өтуге арналмаған жерден өткені үшін, оған айыппұл салған.

Айта кетейік, бұл көшеге тұрақты жұмысы жоқ, күндік напақасын тауып жүргендер жиналады. Көлікке соғылған жігіт досымен бірге, кезекті жұмыс берушіге қарай асығыс қозғалғанын айтып ақталған. Алайда оқиға болғаннан күннен бастап, яғни екі күннен бері көлікке соғылған жігіт бұл жерден төбе көрсетпепті.