Мәселе

Ақтау кәсіпкерлері карантин талабының тең еместігіне наразы

  • Ақтау кәсіпкерлері карантин талабының тең еместігіне наразы

    Ақтау кәсіпкерлері карантин талабының тең еместігіне наразы

Ақтауда карантин режиміне келіспеген кәсіпкерлерлер наразылық білдірді, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Әкімдік алдына жиналған кәсіпкерлер қойылған тәртіп пен талаптың тең еместігіне ашулы. Мәселен, суға түсу маусымы қызған кезде қоғамдық жағажайларға рұқсат берілмей, ақылы демалыс орындарының ашық екенін айтуда. Ол жерде де жұртшылық көптеп жиналып, ешқандай әлеуметтік ара-қашықтық сақталмаған. Бұған қоса ішіндегі мейрамханалардың адамдарды көптеп қабылдап жатқаны да санитарлық нормаға сай емес дейді.

- Қазір жұмыс істеп жатқан ақылы туристік орындарға барып көрдім. Ішінде өз мейрамханалары бар. Адамға лық толы. Бірақ тексеріп жатқан ешкім жоқ. Керісінше, тегін жағажайлар, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары жабық. Неге барлығына бірдей талап қойылмайды? - дейді мейрамхана басшысы Әлима Шаймерденова.

Дәрігерлер ақылы туристик нысандардың талаптарды тиянақты орындайтынын алға тартты. Мысалы, жеке демалыс орынының басшысы демалушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталмағаны үшін айыппұл төлеген. Ал тегін жағажайларда жүрген адамдарды қадағалау қиындық тудырады. Тіпті топтасып барып, санитарлық талапты пысқырмай кетеді екен. Ал карантин тәртібін тең қылуды сұрған кәсіпкерлер облыс әкімінің атына өтініш жазды. Олар үлкен шығынға батып, несиелерін төлей алмай жатқанын айтуда. Сондай-ақ санитар дәрігерлер 3-тамыздан бастап жазғы тамақтанатын орындардың қайта жұмысын жалғастырады деп отыр. Алайда тегін жағажайлардың қашан ашылары әзірге белгісіз.

- Қоғамдық тегін жағажайларда адамдарды жеке-жеке қадағалау мүмкін емес. Тіпті тұрғындардың жағада пикник ұйымдастырып, санитарлық талаптарды сақтамаған сәттері көп болды. Ал ақылы демалыс орындарындағы барлық жауапкершілік басшыларда, - Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Сәкен Мелдебаев.




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30