Мәселе

Ақтауда ашуланған үлескерлер қалалық сотқа барар жолды жауып тастады

  • Ақтауда ашуланған үлескерлер қалалық сотқа барар жолды жауып тастады

    Ақтауда ашуланған үлескерлер қалалық сотқа барар жолды жауып тастады

Ақтауда 200-ге жуық үлескер қалалық соттың алдына жиналып шу шығарды. Олар уәдесінде тұрмайтын компаниямен келісімшартты бұзып, жерді өзі құрған кооператив атына өткізбекші. Былтыр күзде үлескерлерді алдап кеткен компания басшылығы ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындарды алдаған алаяқ уақытша ұстау изоляторына қамалған. Түйткілді мәселені шешу мақсатында жергілікті билік тұрғындарға басқа құрылыс компаниясы үй салып беретінін айтқан. Бірақ арада жарты жыл өтсе де, сең қозғалар емес. Үйлі боламын деп миллиондап ақша салып алданған үлескерлер әділдік іздеп қалалық соттың алдына жиналды. Былтыр күзде өздерін алдап соққан компания басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Содан соң жергілікті билік дауға араласып, басқа құрылыс мекемесі үйді салып беретін болып шешкен. Бірақ ол да құрғақ уәде күйінде қалған. Жарты жылдан бері құрылыстың жанданатын түрі жоқ. Сондықтан үлескерлер сотқа арызданған. Бірақ жиналғандар істің созбалаңға салынып кеткенін айтады.   

“Біздің ісімізді қарап жатқан судьядан көмек сұраймыз. Жылдамырақ ісімізді қарап, бірыңғай халықтың еншісіне шығарып берсеңіздер деген үміттеміз. Бүгінгі таңда "К7 групп" үй құрылысын бастай алмай отыр. Себебі жер басқа адамның атында.  Маңғыстау облысының әкімі Тұрымов Серікбай мырзадан көмек сұраймыз. Осы ісімізді қадағалап, жылдамырақ шешім шығарып, қаңғып қалған адамдарға көмектессе деген үміттеміз”, – деді үлескер Дастан Ордабаев.

 
“ЖСК құрдық қой, тезірек сот болса екен дейміз. Халықтың пайдасына көп адам үй жалдап жүр. Кілтін берген адамдар да бар, қолма-қол”, – деді үлескер Амандық.

Тезірек сот болып, мәселе оңтайлы шешілмесе, тұрғындар сандалып тағы жүріп қаламыз ба деп қорқады. Негізгі талабы – уақытша қамау изоляторында отырған күдіктімен  келісімшартты тезірек бұзып, жерді өздері құрған кооперативтің атына аудару. Сонда ғана өзге компания үй құрылысын бастайды екен.

“339 талап қоюшының "Тастемір ЛТД" және төрт тұлғаға қатысты келісімшарттарды бұзу, ақшаны өндіру туралы талап қою арызы сәуір айында түскен. Іс бойынша дайындық жүргізілді. Іс бойынша сот отырысы 15 шілдеге тағайындалған. Талап қоюшылардың барлық өкілі бар”, – деді Ақтау қаласы №2 сотының төрағасы Рақымжан Бейсенов.

Азаматтық іске қатысты алғашқы сот отырысы карантинге байланысты онлайн өткізіледі. Тұрғындарға енді күтуден басқа амал жоқ.

Жиналғандар көмек сұрап прокуратура, полиция мен әкімдікке хат жазып, олардан да жауап күтіп отыр.




Көрілген: 1079    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 23:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30