Мәселе

Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді

  • Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді

    Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кеткен жігіт өз әрекетін түсіндірді

Әскерге жаңа шақырылған жігітпен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ол бұл әрекеті үшін жауапқа тартылмайды
Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кетпек болған жігіт өз әрекетін түсіндірді.

Оның қашу әрекетін сол маңайда жүрген ақтаулық видеоға түсіріп, ролиу әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Видеода жас азаматтың әскери комиссариат қақпасына қарай қашып бара жатқаны және әскерге шақыру пунктінің екі қызметкері соңынан қуа жөнелгені анық көрініп тұр. 

"Әскерге жаңа шақырылғандар автобусқа отыратын шақта олардың бірі қашуға әрекет жасады. Кейінірек ол  сөмкесін алуға ұмытып кетуімен түсіндірді. Бұл ісі үшін кешірім сұрады. Қашпақ болғаны үшін оған жаза қолданылмайды. Себебі, ол әлі ант қабылдаған жоқ", - деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Сейтек Шамшырақов өңірлік "Лада" басылымына берген сұқбатында. 


Сейтек Шамшырақовтың айтуынша, "қашқынмен" түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол әскери міндетін Ақтөбе облысында өтейтін болады. 

Комиссариат қақпасынан шығып үлгерген азаматты Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-9" патрульдік полиция батальонының экипажы қуып жетіп, қайтарды.
 
 




Көрілген: 1552    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31