Мәселе

Ақтауда кәмелетке толмаған бес қыз тұрмысқа шыққан

  • © Ruinformer.com

    © Ruinformer.com

Ақтауда 16 жасқа толмаған бес қыз тұрмысқа шықты. Олар ерте жастан жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы ПД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция басшысы Эльвира Қасанова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".


Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 19 қылмыс жасалған. Оның ішінде бесеуі жыныстық өміріне қол сұғылушылық болған. Осы деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") бойынша іс қозғалған.


"Бес жағдайда да қыздар өзімен жыныстық қатынасқа түскен ер адамға тұрмысқа шықты. Басқа істерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұндай жағдайлар, көбіне баланың мектептегі өміріне ата-ананың салғырт қарауынан болады. Жыл басынан бері әр түрлі әкімшілік құқық бұзған 3002 кәмелетке толмаған балалар полицияға жеткізілген. Сонымен қатар, биыл бастапқы үш айда 16 ата-ананы бала тәрбиелеу құқығынан айырды. Төрт жасөспірім өміріне қол салмақшы болған. Қуанышқа орай барлығын дін-аман алып қалу мүмкін болды", - дейді Эльвира Қасанова.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 21:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31