Мәселе

Ақтауда тұрғынүйдің сылағы құлап, тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

  • © Photo : InAktau.kz

    © Photo : InAktau.kz

Бірнеше күн бұрын осы тұрғын үй қасбетінің біршама бөлігі сыпырылып түскен болатын. Қауіпті қаптаманың құлауы тағы да жалғасып, тұрғындарды үрей құшағында қалдырды, деп хабарлайды өңірлік "Лада" сайты.

 

 

Ақтаудағы 30 шағын ауданда орналасқан №169 үй тұрғындарының айтуынша, 23 мамырда қасбеттің құлауы салдарынан газ құбыры бүлініп, көгілдір отын беру бірден тоқтатылған.

 

Алғашқы құлаудан кейін қала әкімдігі тарапынан қаптаманың қалған бөлігі алынатыны айтылғанымен, әлі ешқандай ауқымды әрекет жасалмаған. Дегенмен, газ құбыры жедел қалпына келтіріліп, 25 мамырда іске қосылған еді.

 

Алайда, қатты жел салдарынан ғимараттың қасбеті кеше тағы құлаған. Нәтижесінде газ құбырына тағы да зақым келді. Әрине, мұндай жағдайдан соң газ беру тоқтатылатыны сөзсіз.

 

Бүгін, 26 мамырда шенеуніктер үй тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

 

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй 2011 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында салынып, пайдалануға берілген.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

жұма, 28.05.2021, 08:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31