Мәселе

Ақтауда үш бала сатылатыны жайлы жарнама жарияланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

OLX.kz сайтының сатылымдар бөлімінде Ақтауда үш бала сатылады деген жарнама пайда болды. Бұл туралы tumba.kz сайты жазды.


Сайттың ақпаратына сүйенсек, хабарлама ұялы телефоннан 27 мамыр күні, 13:18-де салынған. Бірақ көрсетілген нөмір сөндірулі.


Хабарламаны жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, сайттың редакциясына хабарлаған.


Хабарламада үш бала арзан бағамен сатылатыны көрсетілген. Тіпті үш баланың суреті де салынған.


Сайттың хабарлауынша, полицейлер бейресми сұхбат кезінде әлдекім жай қалжыңдамақ болған шығар деп айтқан.


Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент тұрғыны арнайы қызметтердің жылдамдығын байқап көру мақсатында осы сияқты хабарлама берген болатын. Сонда құқық қорғау органдары ақпаратты жылдам тексеріп, ҚР Қылмыстық кодекстің 12-бабы («Адам саудасы») бойынша сотқа дейін тергеп-тексеру жүргізілген.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 09:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31