Мәселе

Ақтаудағы стоматологиядағы жанжал: Баланың анасы өз нұсқасын айтты

  • Ақтаудағы стоматологиядағы жанжал: Баланың анасы өз нұсқасын айтты

    Ақтаудағы стоматологиядағы жанжал: Баланың анасы өз нұсқасын айтты

Ақтауда тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетовтің әрекетінен зардап шеккен жеті жасар баланың анасы болған жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" сайтына сілтеме жасап.

Қызғалдақ Сапарова 1 қарашада төрт баласымен облыстық стоматологиялық орталыққа келген. Екі баласы тістерінің ауырғанын айтқан екен. Дәрігер балаларды кезексіз қабылдапты. Өйткені оның алдында әйел баласының бірі мүгедек екенін ескертіп қойған.


"Мен баламды тісін емдеуге алдын-ала дайындағанмын. Қызым жыламады, оның тісін тез алып тастады. Ал ұлым қорықты. Екі сағаттай ұлымды дәрігерге аузын ашуға көндіре алмадым. Үш рет кіргенімде де солай болды. Соңғы рет дәрігер агрессивті түрде мені шығарып жіберді. Ұлымды қалдырған соң оны көндіретін шығар деп ойладым. Баламның айғайлаған дауысын да естідім. Кейіннен ұлым шыққан кезде ол маған дәрігердің оны ұрғанын бірден айтты", - дейді баланың анасы.


Сапарованың айтуынша, ол кабинетте орнатылған бейнебақылуды бірден қараған.


"Видеоны көргенде шошыдым. Баламды құрал-жабдықтарымен қорқытып тастаған. Сол күйінше тісін емдете алмай қалдық. Өйткені ол одан да қатты қорқып қалған. Бұл нәрсені жылы жауып қоймаймын, - дейді келіншек.

Айта кетсек, стомотолог-дәрігердің кішкентай балаға қатыгездік танытқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. 




Көрілген: 366    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 09:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30