Мәселе

Ақтөбе мен Атырау облыстары шөл далаға айналуы мүмкін

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Еліміздің батыс өңірі айналдырған бес-алты жылда шөл далаға айналуы мүмкін.


Әсіресе, Ақтөбе мен Атырау облыстарының тамшы суға зар болатын түрі бар. Осылай деп дабыл қаққан экологтар үндеу жариялады. Өйткені өзен-көлдерді тазартуға арналған жобалар құрдымға кетіп, жер астындағы ауыз суды мұнай компаниялары былғап болған. Ал жобаны жүзеге асырушылар экологияның нашарлауына тұрғындар кінәлі деп отыр.


Табаны тартылған өзен. Жағасындағы қураған ағаш. Бұл Ақтөбе айналасындағы сегіз өзеннің қазіргі көрінісі. Экологтар бұған алдымен өзен арнасын тазартуға кіріскендерді кінәлайды. Су қоймасынан ылғал жіберіп қанша жерден арнасын толтырмақ болса да, өзен табанындағы бұлақ көздерінің бітелуінен су жиналмайды екен.


Үмбетәлі Сәрсенбин, эколог-ғалым:


- Ол судың астында бұлақ болуы, көздері жабылып қалып тұр. Қазір енді көп жерлер батпаққа айналып кетті. Оның бәрі өсімдік тамырына әсер етеді. Яғни эко жүйе бұзылған.


Сегіз өзенді тазартуға қатысты жобаны әзірлеген инженерлер болса өздеріне шаң жуытпайды. Өзен арнасының кеуіп қалғанын керісінше тұрғындардан көріп отыр.


Еркен Тәжіғалиев, «Антарес Платениум» ЖШС бас инженері:


- Көпшілік экологиялық апатқа алып келді деп бізді айыптап отыр. Оған еш негіз жоқ. Жобаны әзірлеуге білгір мамандар, ғалымдар тартылды. Өзендердің құруына тұрғындар кінәлі. Біздер сегіз өзеннің бойынан құрылыс материалдарынан бастап, қоқыстың түр-түрін таптық. Тазарттық.


Экологтар айналдырған бес-алты жылда қала іргесіндегі сегіз өзеннен басқа, аймақта барлық сулы жердің кеуіп қалатынын айтуда. Тіпті ішерге нәр таба алмай тентіреп кетеміз деп дабыл қағады. Себебі, еліміздің батыс аймағын тіршілік нәрімен қамтып отырған «Көкжиде» жер асты су бассейнінің өзі мұнаймен былғанған.


Марина Цыганкова, эколог:


- Ақтөбе мен Атырау өңірлері шөл далаға айналады. Судың деңгейі түсіп кетті. Су қоры тым аз. Мұнай компаниялары жерасты суларының түгін қалдырмады. Қоры бай «Көкжиденің» өзі бүлініп жатыр.


Экологтар жиналып кеңес құрып, үндеулерін де жариялады. Онда Ақтөбе өңіріндегі суға қатысты мәселінің бәрін тізіп жазыпты. Алдымен өзен-көл табанындағы бұлақ көздерін бітеуді тоқтатуды сұраған. Ал еліміздің батыс аймағын ауыз сумен қамти алатын «Көкжидеге» мұнай компанияларын жолатпауды биліктегілерден талап етіпті.


ktk.kz


 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30