Мәселе

Ақтөбе облысында 19 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

  • Ақтөбе облысында 19 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

    Ақтөбе облысында 19 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Ақтөбе облысында 19 жастағы студент қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".


Телеарнаның мәліметінше, қыздың денесі Бадамша ауылындағы бір үйдің моншасынан табылған. Марқұмның туыстары болса, қызымыз ол үйге бармақ түгілі, тіпті жақын араласқан көршілері еместігін айтады. Сараптама кеудесінен тізесіне дейін дымы қалмай күйіп қалған қызды "иістен уланды" деп қорытынды шығарған. Алайда марқұмның жақындары мұнымен келіспейді. Жұлдыз 19 жаста болған. Отбасындағы үш баланың кенжесі әрі жалғыз қыз. Ауылындағы колледжде аспаз мамандығына оқыған. Телеарнадағылардың мәліметінше, сырқаттанып жүрген анасына қолқабыс болсын деп, сондағы дәмханада жұмыс істеген. "Мен келіспеймін, ол деген өлім. Мен ешқандай қызымды қия алмаймын. Ол өзінен өзі барып біреудің моншасын жаға алмайды. Біріншіден, арақ ішпейді, темекі тартпайды, ол қалай біреудің моншасына баратынын айта алмаймын. Маған хабарласқанда "жүрегі тоқтап" қалды деді. (...) Енді мына қағазда "угарным газом" деді", - дейді марқұмның анасы Кенже Төлешова. "Жазбаша арызды біз қабылдадық, тиісті тәртіппен тіркеледі. Сосын заңда бекітілген мерзімде арыз қаралып, қылмыстық іс міндетті түрде зерттеледі", - деді облыстық прокуратура тергеу басқармасының басшысы Тимур Қыдыралин. 




Көрілген: 860    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30