Мәселе

Ақтөбе облысында 200-ге жуық көлік қар құрсауында қалып қойды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық көлік ақтүтек боранда жолда қалды. Аймаққа көршілес Қызылорда мен Қостанай облыстарымен қатынас үзіліп, жолдар жабылған.


- Көліктерді былай қойып тастаған. Жолаушы, жүргізушілер, міне, жеңілжелпі киініп алған.


Қар құрсауында қалғандардың барлығы жеңіл киіммен жүр. Қарашада қар жауғанымен, бірден боран тұрады деп ешкім күтпесе керек. Құтқарушылар ең алдымен адамдарды жақын маңдағы дәмханалар мен ауылдарға жеткізді. Жолда қалған 200-ден аса адамның 20-сы – балалар.


Жолды қардан аршуға төтеншеліктер мен «Қазавтожол» мекемесінің барлық техникасы жұмылдырылды. Үйілген қардан бөлек, жүргізушілердің қысқа қамданбауы да зардабын әкелуде. Олар жаздық дөңгелекпен жүр.


Төтенше жағдай қызметі әзірге Ақтөбеден Қостанай мен Қызылордаға қарай жолға шықпауды ескертті.


Нұрлыбек Айжарықов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма бастығы:


- Жолаушылардың көлігі дайын емес. Қысқы дөңгелектерін салмаған. Және де жеңіл киінген. Біздің ескертуге құлақ салмай жолға шығып кеткен. Ол жақта қатты боран соғып тұр.


 ktk.kz




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 11:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31