Мәселе

Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасы жабылатын болды

  • Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасы жабылатын болды

    Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасы жабылатын болды

Ақтөбеде дауға айналған шошқа фермасы жұмысын толықтай тоқтатын болды. Облыстың экономикалық соты доңыз өсіретін кәсіпорынның биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға және фермадан шығатын қалдық суларды ағызуына тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мұндай қатаң шара кәсіпорында экологиялық нормалардың бұзылғаны белгілі болғаннан кейін қолданыла бастады. Тиісті мекемелер шошқа фермасындағы барлық өндірістік және биологиялық қалдықтар ауылдың жанындағы траншеяларға көміліп келгенін дәлелдеді. Сонымен қатар, фермада жобада көрсетілген 40 мың бас емес, 50 мыңнан астам доңыздың бары белгілі болды. Бұдан бөлек, ферма иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір ол сотта қаралып жатыр. Экологтардың шағымы бойынша экономикалық сот қожалықтың рұқсат қағаздарын тартып алды. Бұған дейін әкімшілік сот кәсіпкерге жеті миллиард теңге айыппұл салған еді. Бұл ақша әлі төленбеген. 

"Серіктестіктің шаруашылық жүргізу қызметінің өндірістік ағынды суларды сақтау қоймаларына және жер бедеріне жіберу бойынша бөлігінде және биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалану бөлігінде бұзушылықтар қалпына келтірілгенге дейін тоқтатылды. Сонымен қатар, жауапкер қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттан айырылды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды", - деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы Халима Оразова. 




Көрілген: 2020    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 14:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30