Мәселе

Ақтөбе облысында оқушылар сабақты далада өтіп жатыр

  • Ақтөбе облысында оқушылар сабақты далада өтіп жатыр

    Ақтөбе облысында оқушылар сабақты далада өтіп жатыр

Ақтөбе облысындағы Құмсай ауылында балалар сабақты далада өтіп жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Көпбалалы жиырмаға жуық отбасының балалары осындай жағдайда білім алуға мәжбүр.

Белгілі болғандай, бұл отбасылар биыл жазда мемлекеттік бағдарлама аясында Құмсай ауылынан үй алып, сонда көшірілген. Алайда, алған үйлері қирағалы тұр, ал ауылда не мектеп, не дүкен жоқ.

«Оразалин (Ақтөбе облысының әкімі – авт.) үйдің кілтін табыстағанда «бәрі керемет болады, газ береміз» деген еді. Алайда, бұл уәделердің бірде-бірі келісімшартта көрсетілмеген. Келісімшартқа қол қойдық, бірақ онда өз есебімізге коммуникация жүргізсін деген жері жоқ», - дейді Құмсай ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Айнұр Әлжанова.

Ауылда мектеп, аурухана, емхана, фельдшерлік орталық, тіпті дүкен де жоқ. Азық-түлік алу үшін көпбалалы аналар 8 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына қатынайды. Автобус жүрмейді. Таксилер барып келу үшін 1000 теңге сұрайды екен. Мобильді байланыс та атымен жоқ. Оқушылар қазір білім алу үшін жазық далаға шығып, интернет іздеумен уақыт өткізеді.

«Амал жоқ, далаға шығып сабақ оқып жүр. Аудандық білім бөлімінің басшысы 10 қыркүйекке дейін роутер жеткізіп беремін деп уәде берді. Сонда біз он күнді жоғалтамыз ғой», - дейді көпбалалы ана.

 



Көрілген: 513    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31