Мәселе

Ақтөбе облысында сегіз отбасы апаттық үйде жандарын шүберекке түйіп отыр

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында апаттық жағдайда тұрған үйдің тұрғындары шырылдап жағдайларын айтты. Жанын шүберекке түйіп отырған 8 отбасы адам төзгісіз жерде өмір сүруде деп хабарлайды   KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Елді мекен тұрғындары су, газ жоқ екенін, әлі күнге от жағатындарын ашына айтты.


Олар өлместің күйін кешіп отырғандарын да жеткізді.


Бұл үйдің тұрғындары биліктің уәдесіне тойғанын да атап өтті.



"Үй алуға жағдайымыз жоқ. Көп жылдан бері халықты әуре-сарсаңға салған мәселеден билік те құлағдар. Қанша хат жаздық, сауал да жолданды. Бірақ әлі шаруа түпкілікті шешілмеді. Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршадық",-деді тұрғын Тотан Төлеуов.

Оның айтуынша, бұл үйдің апаттық жағдайда деп танылғанына көп болған.



Алайда 8 отбасы осы күнге дейін басқа жаққа көшірілмеген. Апаттық үйдің тұрғындары баспананың тек 15 пайызы ғана жарамды екенін айтады.


Жергілікті билік құлаудың алдында тұрған үйдің мәселесін шешуге асығар емес.



Мән-жайды жергілікті әкімдіктен хабарласып білгенімізде аталмыш үйдің тұрғындары қыркүйек айында жаңа баспанаға көшірілетінін хабарлады.



 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 18:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31